A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
ЭКСПО-2017

Облыс әкiмдiгiмен «ЭКСПО-2017» көрмесiн iлгерiлету бойынша ақпараттық-имидждiк жұмыс жалғастырылуда.

Мерзiмдiк басылымдарда көрменiң логотипiн пайдалана отырып тұрақты тақырыптық айдарлар шығарылады, а.ж. 8 ай мерзiмдiк басылымдарда 950-ден астам тақырыптық жарияланымдар жарық көрдi.

Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарында тақырыптық айдарлар ашылды, онда көрме және «ЭКСПО-2017» көрмесiнiң аясында облыс аумағында жоспарланған мәдени-демалу iс-шаралары туралы 100 мақала жарияланды. Әлеуметтiк желiлерде ақпарат белсендi түрде орналастырылуда.

ЭКСПО-2017 көрмесiнiң тақырыбына 116 тақырыптық билборд пен баннер, 34 шағын сәулет нысан, 22 флаер орнатылды, қоғамдық көлiк құралдары көрме эмблемасымен рәсiмделдi.

Туроператорлармен 30-дан астам үздiк турмаршруттарды қамтитын 7 туристiк пакет әзiрлендi (ЩБКА және Қорғалжын қорығы).

Облыс атынан ағылшын тiлiн меңгерген 39 гид-экскурсовод, 105 ерiктi дайындалды.

Көрме қонақтарын қабылдап алуға бiрмезетте 12 мыңнан астам кереует-орнымен 100 қонақ үй мен отель және турбазалар, 28 санаториялы-курорттық ұйым, 86 мейрамхана мен кафе, жол бойы сервисiнiң 420 субъектiсi дайын.

Астана-Бурабай автотрассасына iргелес орналасқан аудан әкiмдiктерiмен трассаны жол бойы сервисiнiң объектiлерiмен жабдықтау, сондай-ақ аудандар мен қалалардың елдi мекендерiнiң сәулет келбетiн жақсарту мәселелерi пысықталды. Осыған байланысты Ақмола облысы елдi мекендерiнiң сәулеттiк келбетiн жақсарту жөнiнде iс шаралар жоспары әзiрлендi.

Аталған жоспарға сәйкес 2017 жылдың көктем-күз кезеңiнде елдi мекендерде келесi жұмыстар орындалды: кiре берiс белгiлерi рәсiмделдi, сыртқы көрнекi жарнамалар жаңартылды, 31 орталақ алаңдарға, скверлерге, саяжолдарға, басты көшелер және аула аумақтарына абаттандыру жүргiзiлдi.

Елдi мекендерге көгалдандыру жүргiзу мақсатында, орталық көшелер мен алаңдарға гүлзарлар, көгалдар егiлдi, жасыл желектер отырғызылды, ағаштарды сируту мен бұталарды кесу жүргiзiлдi.

Сондай-ак, 85 сәулеттiк композициялар, атаулы мүсiндер, шағын сәулет нысандары (соның iшiнде скамейкалар, урналар) орнатылды, 5330 жеке тұрғын үйлердiң, 141 көп қабатты тұрғын үйлердiң, 323 әкiмшiлiк ғимараттардың қасбеттерiне косметикалық жөндеулер жүргiзiлдi, 35 балалар және 29 спорттық алаңдары орнатылды.

Аялдама павильондарын орнату және жаңарту, тротуарларды қалпына келтiру, нөсерлi кәрiздердi тазалау, орталық көшелердiң жарықтандыру тiректерiн ауыстыру және жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. 53 ескi құрылыстар бұзылды.

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 15 ақпандағы № А-2/52 қаулысына сәйкес және 2017 жылғы 12 қаңтардағы Астана қаласы және Ақмола облысы әкiмдiгiнiң арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберiнде Көрме кезеңiнде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн жеткiзудiң апта сайынғы кестесi (бұдан әрi- кесте) бекiтiлген.

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы тауарөндiрушiлерiнiң қатысуымен «Қазақстан» спорт кешенiнiң аумағында екi ауыл шаруашылығы жәрмеңкесi (а.ж. 15-16 шiлдесi и 2-3 қыркүйегiнде) өткiзiлдi.

Аталған кесте шеңберiнде 4706,6 тонна көлемiнде ет және ет өнiмдерi (жоспарды орындау 102%), 8124,8 тонна — сүт және сүт өнiмдерi (100,2%), 71,1 млн. дана — тағамдық жұмыртқа 113%), 460,7 тонна -көкөнiстер (108%), 2800 тонна — картоп жеткiзiлдi.

«ЭКСПО-2017» көрмесiне бару үшiн Ақмола облысына 100 мың адамға квота бөлiндi, ол облыс өңiрлерi бойынша бөлiндi.

Келушiлердi жеткiзу тұрақты автобустық маршруттар және жалдамалы, жеке автокөлiк есебiнен жүзеге асырылған, ол 88 мың адамнан артық (оның iшiндегi 22 мыңы жалпы бiлiм беретiн мектеп және колледж оқушылары) , темiр жол көлiгiнде облыстың шамамен 12 мың тұрғыны жеткiзiлген.

Ақмола облысы бойынша күн сайын 1200 шамасында адам бағытталып, бұл мақсаттар үшiн көлiк құралының 170 аса акредитталған бiрлiгi жұмылдырылды. Ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап, 10 қыркүйектi қоса есептегенде «ЭКСПО \2017» Көрмесiнде аймақтың 117 559 азаматы болды.

«Астана ЭКСПО» Ұлттық компаниясы» АО \ның деректерi бойынша ағымдағы жылдың 7 қыркүйегiнiң жағдайына қарай облыста сайт, «КАЗпочта» АО бөлiмшелерi, сауда орындарында он\лайн брондау арқылы 109 528 билет сатылды немесе бұл берiлген квотаның 109, 5 пайызы.

2017 жылғы маусымның 20 — 25 аралығында Ақмола облысының Мәдениет күндерi өттi. Мәдениет күндерiне қатысушылардың жалпы саны 2100 адамды құрады.

Астана қ. әкiмдiгiнiң алдындағы алаңда Ақмола облысы Мәдениет күндерiнiң салтанатты ашылуы өттi (Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына Көкшетау қ. халық, үлгiлi, фольклорлық және би ұжымдарының репертуарларынан ең үздiк нөмiрлер, белгiлi қазақ күйлерi, Қазақстан, Астана туралы танымал әндер, би композициялары ұсынылды). ЭКСПО аумағындағы Амфитеатрда Ақмола облысы ең үздiк шығармашылық ұжымдарының «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты гала-концертi өттi.

Этноауыл аумағында Ақмола облысы Мәдениет күндерiнiң ашылуы театрландырылған қойылым формасында өттi. Этноауылға қатысушылардың жалпы саны 515 адам.

Табиғи материалдардан жасалған ұлттық бұйымдар, интерьер бұйымдары мен үй аспаптары, авторлық орындаудағы қазақтың ұлттық музыкалық аспаптар және мүсiндiк композициялар ұсынылған «Өнер-fest» сәндiк-қолданбалы көркем өнер шеберлерiнiң жәрмеңке-көрмесi үлкен қызығушылық туғызды.

«Отан қорғаушылар» монументiнiң «Парус» ашық сахнасында «Ақмола жұлдыздары» гала-концертi, суретшiлер мен шеберлердiң көрмесi, «2107.EXPO.AKMOLA» әдеби кешi өттi.

Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры мен облыстық орыс драма театры ұжымдарының күшiмен 7 спектаклi қойылды.

Дата создания статьи: 28.02.2017 10:37
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.09.2017 10:45
Қаралым саны: 413
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz