Жиі қойылатын сұрақтар

1.Жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау кiмге көрсетiледi?

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға.

2.Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн маман әкiмшiге қандай құжаттарды ұсынады?

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көшi-қон қызметiнен алдыңғы тiркелген жерi туралы мәлiметтер;

тиiстi елдi мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасы;

2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк кредит алған кезде;

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

сатып алынатын жылжымайтын мүлiктi бағалау актiсi;

көшi-қон қызметiнен алдыңғы тiркелген жерi туралы мәлiметтер;

тиiстi елдi мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасы;

неке туралы куәлiк көшiрмесi (некеде тұрған мамандар үшiн);

аталған ауылдық елдi мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкiнiң болмауы (болуы) туралы анықтама;

3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттiк кредит алған кезде:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

көшi-қон қызметiнен алдыңғы тiркелген жерi туралы мәлiметтер;

тиiстi елдi мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасы;

неке туралы куәлiк көшiрмесi (некеде тұрған мамандар үшiн);

аталған ауылдық елдi мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкiнiң болмауы (болуы) туралы анықтама;

маманның атына тұрғын үй салу үшiн берiлген жер учаскесiн пайдалану құқығына акт;

кепiлге қойылған мүлiктi бағалау актiсi;

кепiлге қойылған мүлiктi сақтандыру шарты;

берiлетiн кредит мөлшерiнен асатын тұрғын үй құрылысы бөлiгiн бiрлесiп қаржыландыруға жазбаша келiсiм.

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн