A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты.

Ақмола облысының экономика
және бюджеттiк жоспарлау
басқармасы мемлекеттiк мекемесi
басшысының
2017 жылғы «15» мамырдағы № 15-О
бұйрығымен бекiтiлген

Ақмола облысы экономика және бюджеттiк жоспарлау
басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты.

1.Қоғамдық қатынас саласының атауы: экономика және бюджеттiк жоспарлау.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеушiнiң атауы: Ақмола облысы экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы

3.Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс iстейтiн адамдар iс-әрекет қағидалары

3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде:

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн жағдайлар мен себептердi анықтау және олардың салдарларын жою;

мемлекеттiк қызметке қоғамдық сенiмдi арттыру;

жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;

жасағаны үшiн заңнамада тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен терiс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтауға, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалануға;

адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтауға, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;

өзге мемлекеттiк мекеме, ұйымдар қызметiне құқықсыз араласуға жол бермеу;

мемлекеттiк қызметшiлер басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерiнiң жолын кесуге тиiс.

3.2. өз құзыретi шеңберiнде басқарушылық және өзге шешiмдердi даярлау және қабылдау кезiнде

лауазымды адамдардың лауазымдық өкiлеттiктердi атқаруға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар беруiне тыйым салынады;

қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде жеке басының мүддесiн және пайдақорлықты басшылыққа алмау;

басқа тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа баруына жол беруге итермелемеу және оларды мадақтамау;

өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн орындауына байланысты сыйлықтарды немесе көрсетiлетiн қызметтердi қабылдауына жол бермеу;

меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерiн шешу кезiнде туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша артықшылық көрсетпеуге;

үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғаудан және ұсынудың бас тарту, сондай-ақ олардың атынан iс-әрекеттер жасаумен тең;

әрiптестер жұмысын бағалағанда және мадақтау мен жаза қолдағанда әдiлдiк пен тәуелсiздiк көрсету;

мемлекеттiк қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнiндегi шараларды қабылдауға тиiс;

3.3. нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын даярлау кезiнде

Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өз құзыретi шегiнде ғана нормативтiк-құқықтық актiлер қабылдауды қамтамасыз ету;

әзiрленген нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға келiсуге жiберу алдында қоғамдық кеңесте қарастыру көпшiлiктiң талқылауы үшiн «Ашық НҚА» порталында орналастырады.

3.4. тiршiлiк әрекетi саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезiнде

сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

жоғары тұрған немесе төмен тұрған не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелдiлiкте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктiк сипаттағы құмар ойындарға қатыспау.

4.Өзге де шектеулер мен тыйым салулар

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық алдын алу үшiн мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексiнiң нормаларын ұстау және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер 12-бабынында көрсетiлген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдауы мiндеттi;

Дата создания статьи: 16.05.2017 09:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.05.2017 09:59
Қаралым саны: 252
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz