2016 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың тәукелдерін талдауңың нәтижесінде Аналитикалық анықтама

Сыбайлас жемқорлықтың тәукелдерiн талдауңың нысаны –«Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ (одан әрi-басқарма) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметiндегi, басқарманың қызметiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн анықтау;

Сыбайлас жемқорлықтың тәукелдерiн талдау:  — «Ақмола облысы экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ жүргiзiлдi, мекен-жайы — Абай 114Б көшесi, e-mail: economika@akmo.kz, тел.: 29-63-38.

Өткiзу кезеңi: басталуы-16.01.2017ж., аяқталуы- 18.01.2017ж.

Қаралған кезеңi : 2016 жылды.

Басқарма 18 iске асыру функцияларын және 1 реттеушi функцияны iске асырады. Бақылау функциялары iске асырмайды.

Басқарма штаты 43 адамнан тұрады, нақты саны-41адам. Жыл бойынша -7 адам өз еркiмен, оның iшiнде мекен-жайды ауыстыру себебiмен- 4 адам, басқа мемлекеттiк лауазымға тағайындалу себебiмен — 3 адам босатылды. Командалық ауыстерi себебiнен фактiлер анықталған жоқ. Кадрлар ауыстыру себебтерi тұрақты мекен-жайды ауыстыру себебiнен жиi кездеседi.

Басқарма қызметiнде сыбайлас жемқорлықтың тәукелдерiн талдауының өткiзу барысында персоналды басқару қызметiнде талдауы жасалды.

Тәртiптiк жазаға тарту тәртiбi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану қағидалары бойынша жүргiзiледi.

2016 жылы қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылықтары үшiн тәртiптiк жазаға тартылған, сондай-ақ, терiс дәлелмен жұмыстан шығарылған және сыбайлас жемқорлыққа жол берген басқармада қызметкерлер жоқ.

2016 жылы ҚР заңнамасын бұзу фактiсi бойынша өз қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы үшiн 8 әкiмшiлiк қызметшi тәртiптiк жазаға тартылды.

Оның iшiнде «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссия» ММ 2016 жылғы 11 мамырдағы аудиторлық тексеру нәтижесiнде келесiлерге тәртiптiк жаза қолданды: сөгiс — 3 (Ж.М.Азнабаева, А.Н.Оспанова, А.К.Нұрмағамбетова), ескерту — 3, С.Ж.Азбергенов, Р.К. Керейбаев, Г.Ж Нұрғалиева).

2016 жылғы 11 сәуiрдегi №1.5-17/4989 Ақмола облысы әкiмi аппараты

басшысының хаты бойынша ескерту түрiнде Л.Д.Есенгельдинаға тәртiптiк жаза қолданылды. (14.04.2016 жылғы № 10-ж/қ бұйрығы).

Тексеру барысында анықталған бұзушықтарды жоюға байланысты және өз мiндетiн тиiстi орындағаны үшiн осы қызметшiлерден осы тәртiптiк жазалары мерзiмiнен бұрын алып тасталған болатын.

Өңiрлердi дамыту бөлiмiнiң басшасы Н.Е.Нұржановқа қатысты жүргiзген қызметтiк тергеу нәтижесiнде қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жазаға тартылды (№19-ж/қ 19.05.2016 ж. бұйрығы, №1-К 05.01.2017 ж. бұйрығы.)

Қызметтiк тергеудi өткiзу тәртiбi. Қызметтiк тергеу Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану қағидаларында белгiленген мерзiмдерге сәйкес жүргiзiлген. Басқарма басшасының №15-О 22.04.2016 жылғы және 44-О 14.12.2016 жылғы бұйрықтарына сәйкес қызметтiк тергеудi жүргiзу үшiн басқа 3 құрылымдық бөлiмiнiң қызметкерлерi тартылды.

Конкурс рәсiмдерiн өткiзу тәртiбi. Конкурс рәсiмдерiн өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс- қимыл агенттiгi төрағасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекiтiлген "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына сәйкес жүргiзiлдi.

2016 жылы, 13 бос лауазымға орналасу үшiн 6 жалпы конкурс және 2 iшкi конкурс өткiзiлдi. Оның iшiнде 3 қайтадан жарияланды. Құжаттарды қабылдау қағидаларына сәйкес өткiзiлдi. Қағидаларға сәйкес конкурска басқа мекемелерден сарапшылар мен байқаушылар, Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттары, Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң қызметкерлерi қатысты. Конкурстардың нәтижелерi бойынша 9 қызметкерлер қабылданды. Конкурстық комиссия шешiмдерiне шағымдар түскен жоқ.

2015 жыл бойынша мемлкеттiк қызметкерлердiң кiрiстерi және мүлiк туралы декларациясы салық органына барлық қызметкерлерден уақытылы ұсынылды. Сыбайлас жемқорлық фактiлерi қызметкерлер арасында анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлықтың болуы мүмкiндiктерiн жою үшiн тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алулар ашық және айқын жүргiзiледi.

Мемлекеттiк сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес жоспарланған және өткiзiлетiн сатып алулар туралы ақпарат басқарманың akmplan.gov.kz. веб-сайтында орналасқан. Облыстық бюджеттi бекiткен кезден веб-порталында тиiстi қаржы жылында сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң сомасы және түрi, сондай-ақ шарты орындау мерзiмдерiн көрсете отырып мемлекеттiк сатып алулар туралы жоспар орналастырылады. Өткiзiлген мемлкеттiк сатып алулар туралы барлық хабарландырулары порталында орналасқан.

Азаматтарға бюджеттiк саясатқа қол жеткiзу үшiн, бюджеттiк шығыстары туралы шешiмдерiн қолдану және жүзеге асырып айқындықты қамтасыз ету мақсатында басқарманың сайтында «Азаматтық бюджет» атты бөлiгi бар.

Құқықтық актiлерi. Басқармаға жататын құқықтық актiлердi талдау нәтижесiнде сыбайлас жемқорлыққа жол беру жасау мүмкiндiктер және құзiретi анықталған жоқ.

Басқармада әзiрленген барлық қаулылар, басқарманың ережесi, басқарма бөлiмдерiнiң ережелерi, сондай-ақ басқарма қызметi шектеуленген нормативтiк құқықтық актiлер.

2016 жылдың iшiнде бекiтiлген техникалық оқу жоспарына сәйкес басқарманың бөлiмдерi 12 техникалық оқу өткiздi, мемлекеттiк және үкiметтiк бағдарламалар және басқа да тақырыптар зерделенгенiн хабарлаймыз.

2016 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң қызметкерлерi «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру және қызметтiк этика қағидалары» тақырыбына дәрiс өткiздi. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқарманың бас маманы Е.У.Кенжалин, Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро штабының басшысы Ж.Т.Рамазанов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» ҚР заңы туралы, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидалары) туралы, 2015 жылдың 23 желтоқсандағы №416 «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы», сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы әнгiме жүргiздi, сыбайлас жемқорлыққа жол беру оқиғалары туралы слайдтарды көрсеттi.

2016 жылғы 21 қыркүйектегi «Мемлекеттiк қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру» атты дәрiс өткiзiлдi. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Д.М.Каконов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшiн шараларды қолдану туралы түсiндiрдi.

Басшылықтың қызметiне, басқарманың қызметкерлерiн атынан шағымдары түскен жоқ. Ақпаратты баспа басылымдарында, Web- порталында тұрақты түрде басып шығаратын 29-63-00 сенiм телефоны жұмыс iстейдi, мекемеде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер түсетiн арнайы жәшiк орналастырылған. Басқарма басшысы және оның орынбасарлары азаматтарды қабылдау туралы кестесi мекеменiң қабырғасында iлулi тұр.

Басқарманың интернет-сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдары орналастырылған бiр бөлiгi бар.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы» ҚР Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi №983 қаулысына сәйкес басқарма қызмет көрсетушi болып табылмайды.

Көрсетiлген шаралар сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерiн төмендеуге мүмкiндiк бередi, сондай-ақ, басқарма қызметкерлерiн ашық әрi айқын жұмыс атқаруына бағытталған.

Н.П. Зозуля_______________________

Л.С. Бекмағанбетова_______________

Л.Д. Есенгельдина_________________

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн