«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi 114Б, 216 бөлме, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2) 29-63-24, факс 8(716-2) 29-63-64, электрондық мекен-жайы: 296324@akmo.kz) барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

Басқарма басшысының орынбасары, «D-О-2» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 163 232 теңгеден 220 697 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Қадағалайтын бөлiмдерiнiң жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау үйлестiру. Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуының талдауы негiзiнде облыстың бюджеттiк саясатын жоспарлауды және үйлестiрудi ұйымдастыру. Мемлекеттiк органдармен бюджеттi жоспарлау, қарастыру, бекiту, нақтылау түзету кезiнде өзара ықпалдасу. Кезектi жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттiң жобасын дайындауды ұйымдастыру. Үшжылдық кезеңге арналған облыстық және аудандық (облыстық маңызды қалалық) бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерi туралы шешiмдердiң жобаларын дайындауды ұйымдастыру. Бюджеттiк, салықтық және әлеуметтiк саясат мәселелерiн қадағалау. Стратегиялық бағыттар бойынша және облыстың дамуының инвестициялық басымдықтары бойынша ұсыныстар дайындау. Өңiрлердiң және облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының талдауы; қадағалайтын салалар бойынша оларды дамыту бағдарламаларын әзiрлеудi үйлестiру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары бiлiм, әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы шарт: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесi болған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда бiр жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанда дейiн 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiне) тiркеледi.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағат бұрын кешiктiрiлмей тапсырылады.

Олар тапсырылмаған жағдайда, конкурс комиссиясы азаматты әңгiмелесуден өтуге жiбермейдi.

Құжаттар «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ ресми сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ-де өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi_________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________
_______________ ______________________________
     қолы               (Тегi, аты, әкесiнiң аты(болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн