«Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (02000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi 114 «б», кабинет 216, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(7162) 29-63-24, факс 8(7162) 29-63-64, электрондық мекен-жайы: economika@akmo.kz) «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ -нiң мемлекеттiк қызметшiлерi арасында «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

Басқарма басшысының орынбасары, «D-O-2» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 163232, 89 теңгеден 220 697, 53 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Қадағалайтын бөлiмдерiнiң жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау үйлестiру. Ұзақмерзiмдiк, орташа мерзiмдiк және ағымдағы жоспарлар мен бағдарламаларды, әлеуметтiк-экономикалқ дамудың болжамын және облыстың, аудандардың және облыстық маңызды қалалардың жұмысын ұйымдастыруды үйлестiру. Облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының талдауын, стратегиялық даму құжаттарының iске асырылуының мониторингiн жүргiзу бойынша жұмысты талдау. Басқарманың құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен өзара байланысты ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiмi, әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттiк органдардың кiшi офицерлiк құрамынан төмен емес лауазымдарда екi жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында бiр жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының персоналды басқару қызметiне (кадрлық қызметке) жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажет құжаттар: 1) белгiленген нысандағы өтiнiш; 2)тиiстi персоналды басқару қызметiмен расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады.

Құжаттар «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ -нiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесуге жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн