A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
2016 жылдың қаңтар-наурыз Ақмола облысының даму қорытындылары

1. Экономика

Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 85,9 млрд.теңге құрды.Тауар өнімнің НКИ115,3% құрды.

Тау-кен өндірісі өнеркәсібінде нақты көлем индексі 123,8% құрады. Өсім темір кендерді (26,9%-ға), құрамында алтын бар кендерді (17,0%-ға) өндіру көлемдерінің байланысты.

Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 115,1% құрады.

Басқа да метал емес минералды өнімдер өндірісі саласында (НКИ 246,7%) керамикалық кірпіш өндірісі көлемінің (21,1%-ға) төмендеуі байқалады. Тауарлы бетон өндірісі 19,3 есе өсті.

Сусындар өндірісі саласында (НКИ-104,6%) алкогольсіз сусындар шығару 12,6%, арақ 0,2% өсті.

Машина  жасау саласында (НКИ 113,3%) «ЕПК Степногорск» АҚ (теміржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндіру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерін жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электровоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделі жөндеу) жетекші кәсіпорындар болып табылады.

Өсу келесі кәсіпорындар бойынша байқалады:

«ЕПК Степногорск» АҚ, подшипниктер көлемі 3258 тоннаны құрды, өсім өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейімен салыстырғанда 14,7 есе;

 «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ 98 жүк тасымалдау автокөлігін жинады, немесе өткен жылдың осы кезеңіне 153,1% құрады.

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде (НКИ 118,1%) 2016 жылғы қаңтар-наурыз айларында полиэтиленнен жасалған қаптар және сөмкелер өндірісі 183,2 тоннаны құрады немесе өткен жылдың осы кезеңіне 83,3% құрады.

Пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндірісінің көлемі 3313,6  тоннаны немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,1% құрады.

Азық-түлік өндірісінде (НКИ-131,7%) өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда (табиғи тұрғыда) ет және  сорпалық тағамдық азық-түлiктер 19,1%, өсімдік май 36,4%, ұн 59,6% өсті.

Химия өнеркәсібінде (НКИ-82,2%) этил спирті өндірісі 17,3% төмендеді, пестицид өндірісі  18,1% өсті.  

 Металлургия саласында (НКИ 161,3%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндіру көлемінің 121,6% ұлғаюы байқалады, бұл  «Altyntau Kokshetau» ЖШС қызметіне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемі 692 тоннаны құрады.

 Өндірістің төмендеуіне облыстың 2 аймақта жол берілген –Бұланды (94,4%), Есіл (85,8%) аудандарында.

ИИДМБ аясында жүзеге асыру кезеңінде (2010 жылдан 2016 жылдың 1 сәуірге дейін)  6,2 мың тұрақты жұмыс орындар құруымен 60 жоба 166 млрд. теңгеге іске қосылған.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнімнің көлемі 20,7 млрд. теңге, нақты көлемнің индексі – 2015 жылдың  деңгейіне 106,6% құрады.

Өсімдік шаруашылығы. 2016 жылы облыс бойынша 4,6 млн га алқапқа жаздық егіс жұмыстары жоспарланған, соның ішінде 4,2 млн.га алқапқа дәнді және дәнді дақылдар орналастырылады.

2016 жылы 206,7 мың га алқапқа майлы дақылдарды себу жоспарланған. Мал азықтық дақылдардың жаздық егісін 187,9 мың га алқапқа жүргізу көзделген. Жалпы, өткен жылдардағы көпжылдық шөптерді есепке алғанда мал азығы дақылдары алқабының жалпы ауданы 597,7 мың ганы құрайды.

Сондай-ақ, 2016 жылы 18,7 мың га жерге картоп отырғызу жоспарда бар. Көкеністер отырғызылатын алқаптың жалпы ауданы 4,4 мың ганы құрайтын болады.

Машина-трактор паркінің дайындығы облыс бойынша 99-100%. Көктемгі дала жұмыстарына дизель отынымен қамтамасыз ету 23,9 мың тонна (қажеттіліктен 31%), дизель майымен – 2,9 мың тонна (62,5%), бензинмен – 4,9 мың тонна (59,5%) құрайды.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тірі салмақта 23,4 мың тонна ет (өткен жылдың деңгейіне 11,2%-ға өсім), 55,1 мың тонна сүт (3,4%-ға өсім), 189,5 млн.дана жұмыртқа (18,3%-ға өсім) өндірілді.

ІҚМ басының саны 3,1%-ға өсті (438,7 мың бас құрайды), оның ішінде сиыр – 5,9%-ға (192,5%  мың бас), жылқы – 6,2%-ға (151,4 мың бас), қой мен ешкі – 6,1%-ға (597,4 мың бас), шошқалар– 0,6%-ға (135,9 мың бас), құс 10,7%-ға (4,9 млн. бас) дейін өсті.

         Осымен қатар, ауыл шаруашылық құрылымдарда мал мен құс санының өсу қарқындары жоғары. Осы шаруашылықтар санатында ІҚМ саны 9,4%-ға, с.і. сиыр – 18,5%-ға,  қой мен ешкі – 6,3%-ға, жылқы – 5,4%-ға, құс –9,9%-ға.

          Мал шаруашылығы саласын дамытудың кредиттік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 127 бас ІҚМ, «Алтын Асық» - 245 бас, «Құлан»- 81 бас сатып алынды. 

Астана қ. азық-түлік белдігінің аясында 8,9  млрд. теңгеге 9 жоба жүзеге асырылып жатыр, соның ішінде: 6 - астық қоймалары, 1-ет өндеу зауты, 1 - жылыжай, 1 - жылыжый кешенің кеңейту (1.04.2016 жылғы мәліметтер).

Облыс ауыл шаруашылық құрырылымдары ағымдағы жылдың астана базарына 9,0 мың тонна сүт өнімдері (2015 жылдың деңгейіне 10,2% өсім), 4,1 мың тонна ет өнімдері (10% өсім), 48,4 млн. дана жұмыртқа (11,64% өсім) жеткізілді.

А.ж. 3 айындар қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 21,8 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 4,8% артық ұқсас кезеңінде 2015 жылғы.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесі кәсіпорындардың  меншікті қаражатына және дербес салушылар 63,1% болады, олардың есебінен 13,7 млрд.теңге игерілген.

Республикалық қаражаттың игерілген үлесі инвестиция мөлшерінен 10,8% немесе 2,3 млрд.теңгеден құрады, жергілікті бюджеттің – 4,5%, 991,0 млн. теңге игерілген. Банктердің несиелерінің үлесі инвестицияның жалпы мөлшерінде 14,4% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесі – 7,2%.

Сыртқы инвестициялардың көлемі 2,3 млрд. теңге құрады.

Ерейментау (20,5%), Зеренді (28,4%), Коргалжын (31,3%), Еңбекшілдер (36,6%), 4 ауданында негізгі капиталға инвестициялар көлемі төмендеді.

«Аймақтарды дамудың бағдарламасы» шеңберiнде 6 жобаны жүзеге асыруға 0,6 млрд.теңге сумен қамту жүйенiң дамуы бойымен және су бөлуi ерекшеленген бөлінген.

614 елдi мекендерден 353 елді мекендер орталықтандырылған су  (57,4%), орталықтандырымаған су- 234 елді мекендер (38,1%). Жеткізілетін  су 27 елді мекендер (4,4%).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3,8 млрд.теңге немесе 2015 жылдың деңгейінен 59,1% құрады.

Ерейментау (13,7%), Коргалжын (14,8%), Бұланды (19,8%), Шортанды (30,2%), Астрахан (35,1%), Еңбекшілдер (37,2%), Есіл (40,1%), Көкшетау қ. (40,5%), Аршалы (49,3%), Целиноград (50,6%), Егіндыкөл (72,0%), Зеренді (82,7%).

Тұрғын үй құрылысы.

2016 жылда қантар-ақпан айындар 110,3  мың м2 енгізілген 2015 жылдың деңгейіне 188,3% құрады.

2016 жылы жергілікті автомобиль жолдарының құрылысына, қайта жабдықтауына, ұстауға және жөндеуге 5,1 млрд. теңге қарастырылған (ол 2015 жылдың деңгейінен 22,7% төмен).

Қолданыстағы ШОБ субъектілерінің саны 50,9 мың. бір. (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,5% бәсеңдеу).

Жүзеге асырылған мемлекеттік қолдау шаралары 281 жаңа орын құру жобаланды.

 Бағдарламаны іске асыруға 2016 жылы 1855,5 млн. тенге бөлінді оның ішінде:

- сыйақы ставкасын субсидиялауға – 1 376,6 млн. тенге,

- ішінара кепілдендіруніге – 174,9 млн. тенге,

-  грантық қаржыландыруға  22 млн. тенге бөлінді,

- кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру моно, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде – 113,04 млн. тенге,

- жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды  өткізуге – 169,04  млн. тенге.

Бағдарлама аясындағы 28 жоба мақұлданды оның ішінде:

- ЕДБ несиелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға - 21 жоба 3 650,5 млн. тенге сомасына;

- несиені ішінара кепілдендіру бойынша – 7 жоба 69,7 млн. тенге кепіл сомасына.

Тұтыну бағасының индексі 102,6% (ҚР бойынша – 103%) құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 103,5%, азық – түлік емес тауарларына – 103%, ақылы қызметтер – 101,2%.

 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орташа айлық жалақы 2014 жылғы деңгейге 5,2%-ға өсті және 88,3 мың теңге құрады. Жалақының төмен деңгейі Ақкөл (71 822 теңге), Жақсы (74 387 теңге), Егіндікөл (74 600 теңге), Аршалы (75 380 теңге), Ерейментау (76 735 теңге), Атбасар (80 441 теңге), Шортанды (80 927 теңге), Бурабай (83 838 теңге), Целиноград (84 929 тенге), Есіл (85 792 тенге) аудандарында байқалады. Жалақының ең төмен деңгейі Сандықтау (68 462 теңге), Қорғалжын (69 480 теңге) Астрахан (69 887 теңге), Жарқайың (70 139 теңге) және Бұланды (71 588 теңге), аудандарында.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 23,8 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 108,5% сома түсті, с.і. республикалық бюджетке – 11,2 млрд. теңге (болжамға 105,5%), жергілікті бюджетке – 12,6 млрд. теңге (болжамға 111,2%).

2. Әлеуметтік сала

2016 жылдың қаңтар айында экономика салаларында 1762 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 1525 – тұрақты.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 2016 жылға 3,7 млрд.теңге қарастырылуда.

Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамту» бойынша ағымдағы жылы құны 1,9 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба іске асыруға жоспарланған, 766 жаңа жұмыс орны құрылып, оның ішінде  386 жаңа жұмыс орны жұмыспен қамту орталықтары арқылы құрылады деп жоспарланған.

3 дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда, 2016 жылға аяқтауға 169,1 млн. теңге қаражат сомасы жоспарланған.

Екінші бағыт "Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу" бойынша 4,9 млн,теңге сомасына 104 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, 371 қатысушыға 1 051,9 млн. теңге сомаға микрокредиттер беру жоспарланған.

Үшінші бағыт "Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу" бойынша 86 адам кәсіптік оқуға жіберу жоспарлануда, әлеуметтік жұмыс орындарына – 612 адам (соның ішінде 2015 жылдан бері қатысып келе жатқан 192 адам), жастар тәжірибесіне  – 491 адам (соның ішінде 2015 жылдан бері қатысып келе жатқан 93 адам).

Бағдарламаны өзектендіру нәтижесінде:

- жұмыс берушілерге қызметкерлердің қайта даярлауы мен біліктілігін арттыруға 15,4 млн.теңге сомасына (59 адамға) мемлекеттік гранттар бөлуге;

- 11,3 млн.теңге сомасына 55-64 жас аралығындағы адамдарға (44 адамға)  және 22,4 млн.теңге сомасына 18-24 жас аралығындағы жұмыс істейтін жастарғам(87 адамға)  қайта даярлауы мен біліктілігін арттыруға;

- 40,4 млн.теңге сомасына оралмандар мен ішкі көшіп келушілерге көшуге көмекқаржы беруге қосымша қаражаттар бөлінді.

Жалпы, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен, жұмыссыздық деңгейі 4,9% - ды құрады, ресми жұмыссыздықтың деңгейі - 0,3% (наурыз 2015 ж. - 0,4%).

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 1899 адам жұмысқа орналастырылды құрады, бұл жүгінгендердің 70,2 %. Жұмысқа орналастырылғандардың төмен пайызы 10 аймақта байқалады: Қорғалжың (38,9%), Жақсы (47,8%), Есіл (50,0%), Целиноград (51,3%), Зеренді (58,7%), Еңбекшілдер (59,5%), Аршалы (60,2%), Ерейментау (65,5%) және Шортанды (69,1%) аудандарында, Көкшетау қ. (60,9%).

Қоғамдық жұмыстарға 914 адам жіберілді.

Тұрмысы кедейліктің шегінен төмен азаматтардың саны 32 адамға қысқарып 526 адамды құрады.

Барлық қаржыландыру көздерінен 2908 аз қамтылған азаматтарға 6957,4 млн. теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша құрылыс жүргізілуде:

- 500 оқушыға арналған 2 мектеп (Целиноград, Ерейентау аудандарында).

- 520 орынды 2 балабақша (Көкшетау қ.)

 «Ақкөл қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйі» ғимаратын қайта жабдықтау қарастылған.

Ақкөл ауданы Ақкөл қ., Зеренді ауданы Зеренді а. 250 қабылдау жасайтын аудандық емханаларының  және Жарқайың ауданының Державинск қ. 70 орындық аурухананы емханамен сыйыстыру, Астрахан ауданында ФАП-тің құрылысы қарастырылған.

Мектепке дейінгі ұйым – 569 бірлік, соның ішінде 192 балабақша және 377 мектепке дейінгі шағын орталық  (соның ішінде  - мемлекеттік 139, жеке– 53.)  232 елді мекенінен  тасымалдау жүзеге асырылады.

2016 жылдың 1 наурызға мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша  91% ,  1-6 жас аралығы бойынша 60,5%.

Жоғары көрсеткіштері  (1-6 жас аралығы бойынша)  Сандықтау (78,2%), Целиноград (72,2%), Жарқаин (70,6%) және  Қорғалжын (69,8%) ауданындарында, ен төмен Астрахан  (50,5%) ауданында,  Көкшетау қаласында  (48,3%).

2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында медициналық ұйымдардың жабдықталуы 56,4%-ға (ФАП-тер – 49,99%, дәрігерлік амбулаториялар – 49,68%) деңгейінде.

Туберкулёзбен ауыру деңгейі 7,7%-ға (100 мың адамға шаққанда 20,2-ден 18,7-ге дейін), онкопатологиямен ауыру деңгейі 0,1%-ға төмендеді (100 мың адамға шаққанда 55,67-ден 55,6-ға дейін), сонымен қатар қан айналу жүйесінің ауруларынан қайту деңгейі 41,4%-ға төмендеді (100 мың адамға шаққанда 82,14-тен 48,09-ға дейін). Қан айналу жүйесінің ауруларымен ауыру деңгейі 12,4%-ға артты (100 мың адамға шаққанда 363,6-дан 408,8-ге дейін). Туу деңгейі өткен жылдың деңгейінде. Сәби өлімі 35,4%-ға төмендеді (1000 тірі туғанға шаққанда 12,7-ден 8,2-ге дейін).

 Облыста ана өлімі жағдайлары тіркелмеген.

Жергілікті және республикалық бюджеттер есебінен 8 күрделі және 4 ағымдағы жөндеу жүргізілмек (363,2 млн. теңге), соның ішінде Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде 5 күрделі жөндеу жоспарланған (57,0 млн. теңге).

 

Мақаланың шыққан күні: 01.04.2016
Қаралым саны: 898
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz