«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi 114Б, 216 бөлме, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2) 29-63-24, факс 8(716-2) 29-63-64, электрондық мекен-жайы: 296324@akmo.kz) «Б» корпусының бос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1.Өңiрлердi дамыту бөлiмiнiң бас маманы (№11-03), D-O-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 83 352, 87 теңгеден 112 376 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Облыс өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау, жетекшiлiк ететiн бағыттар бойынша облысты дамытудың стратегиялық құжаттарын әзiрлеу аясында болжамдық көрсеткiштердi және индикаторларды құрастыру. Ауылдық жерге тұру және жұмыс iстеу үшiн келген мамандарды әлеуметтiк қолдаудың өңiрлiк шараларын iске асыруды үйлестiру. Бағдарламалық құжаттар аясында өңiрлердi экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша жергiлiктi өзiн-өзi басқаруға қаржылық қолдау көрсету бойынша өңiрлiк iс шараларды iске асыруға қатысу. Жетекшiлiк ететiн бағыттар бойынша бюджеттiк өтiнiмдердiң бюджеттiк және өзге де заңнамаларға сәйкестiгiн қарастыру және оларға қорытындылар дайындау. Бөлiм құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша аналитикалық анықтамалар, материалдар, ақпараттар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес аясында (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит), «Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қорының» мәртебесi туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында автономды бiлiм беру ұйымында осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар 2019 жылғы 1 қаңтарға дейiн жеке қасиеттердi бағалауға арналған тестiлеу нәтижелерi бойынша «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде қолданыстағы қорытындысын алған адамдарға қолданылмайды.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2.Стратегиялық жоспарлау, мониторинг және мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау бөлiмiнiң бас маманы (№12-02), «D-O-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282, 72 теңгеден 112 430, 32 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Облыс өңiрлерiн әлеуметтiк-экономикалық дамыту жоспарын әзiрлеу, түзету және жүзеге асыру мониторингi. Ақмола облысының аудандарын, Көкшетау және Степногорск қалаларын дамыту бағдарламаларының көрсеткiштерi тiзбесiне өзгерiстер мен толықтырулар дайынлап енгiзу. Облыстық, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларды дамыту бағдарламаларының мониторингi бойынша есептiлiк ақпараттарды дайындау. Облысты дамыту бағдарламасына, оны жүзеге асыру бойынша iс шаралар жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша жауапты атқарушы органдардың ұсыныстарын талдау және қалыптастыру. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының қызмет тиiмдiлiгiне бағалау өткiзу үшiн есептi ақпаратты қалыптастыру. Жетекшiлiк етiлетiн сала қызметiнiң облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда, жетекшiлiк етiлетiн өңiрдегi аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерiне жетуiн бағалау. Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттар мониторингiн жүргiзу бойынша ақпараттық мәлiметтер базасын сүйемелдеу. Бөлiм құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша аналитикалық анықтамалар, материалдар, ақпараттар дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес салаларында жоғары бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар 2019 жылғы 1 қаңтарға дейiн жеке қасиеттердi бағалауға арналған тестiлеу нәтижелерi бойынша «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде қолданыстағы қорытындысын алған адамдарға қолданылмайды.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

3.Мемлекеттiк аппартат және құқық қорғау органдары бөлiмiнiң бас маманы (№05-02), «D-O-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282, 72 теңгеден 112 430, 32 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Жастар саясаты, дiн саясаты, тiлдердi дамыту, қорғаныс және құқық қорғау органдары аясында әлеуметтiк-экономикалық талдау жасау, облысты дамытудың стратегиялық құжаттары аясында болжамды бағыттарды және индикаторларды қалыптастыру. Облысты дамытудың стратегиялық құжаттары шеңберiнде қадағалайтын бағыттар бойынша талдау жүргiзу және мақсаттар мен мүдделерге қол жеткiзу бойынша ақпараттар қалыптастыру. Мемлекеттiк басқару органдарының және қадағалайтын салалардың бюджеттiк өтiнiмдерi жобаларының стратегиялық құжаттарға, бюджеттiк және өзге де заңнамаларға сәйкестiгiн қарастыру және оларға қорытындылар дайындау. Облыстық бюджеттiң жобасына мемлекеттiк басқару органдарын және қадағалайтын салаларды ұстауға, шығыстары бойынша ұсыныстар әзiрлеу. Бөлiм құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша аналитикалық анықтамалар, материалдар, ақпараттар дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес салаларында жоғары бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар 2019 жылғы 1 қаңтарға дейiн жеке қасиеттердi бағалауға арналған тестiлеу нәтижелерi бойынша «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде қолданыстағы қорытындысын алған адамдарға қолданылмайды.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс қимыл Агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 Бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар қатысады.

Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн немесе электрондық көшiрмесiн, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн немесе электрондық көшiрмелерiн ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясыниеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шартының (келiсiмнiң) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi.

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiккәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.

Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтаға берiлген жағдайда олардың түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан бұрын кешiктiрiлмей берiледi.

Құжаттарды ұсынбаған жағдайда азамат конкурстық комиссиямен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Құжаттар «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi______________________________________________________
__________________________________________________________
____________________________________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Б» корпусының мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымына

орналасуға конкурс өткiзу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКIМШIЛIК МЕМЛЕКЕТТIК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМI

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
_______________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
 
Ұлты/Национальность (по желанию)  
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
 
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/ дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)  
ЕҢБЕК ЖОЛЫТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Датақабылданған/ приема Күні/Датабосатылған/ увольнения Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы,местонахождениеорганизации қабыл-данған/приемабосатылған/увольнения
     
     
     
     
     
     
Кандидаттың қолы/Подпись кандидата____________күні/дата_________    
Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн