«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (02000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi 114 «б», 216 бөлме, анықтама үшiн телефондар нөмiрi: 8(7162) 29-63-24, факс 8(7162) 29-63-64, электрондық адресi: 296324@akmо.kz) «Б» корпусының бос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1.Қаржылық және ұйымдастырушылық жұмыстар бөлiмiнiң бас маман-бухгалтерi, «D-O-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282, 72 теңгеден 112 430, 32 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Бухгалтерлiк есеп жүргiзу. Аяқталу шамасы бойынша барлық операцияларды бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнде көрсету. Мемлекеттiк сатып алуларды өткiзуге қатысу. Ұйымдармен, жеткiзушiлермен есептесу рәсiмдерiн ресiмдеу. Уәкiлеттi орган — Статистика басқармасына бюджеттiң атқарылуы бойынша есептiлiктi уақытында және дұрыс ұсыну. Мемориалдық ордерлердiң талдамалы есебiн жүргiзу (кiтаптар, карточкалар, жинақтау тiзiмдемелерi). Басқарманың балансында тұрған ТМҚ, негiзгi құралдардың түгендеуiн жүргiзуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес салаларында жоғары бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2.Нақты секторды дамыту бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күтiмiне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңiне), «D-O-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 83 282, 72 теңгеден 112 430, 32 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Жетекшiлiк ететiн салалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуына талдау — сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы, жер қатынастарының әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау, облысты дамытудың стратегиялық құжаттарын әзiрлеу аясында аталған бағыттар бойынша болжамдық көрсеткiштердi және индикаторларды құрастыру. Облысты дамытудың стратегиялық құжаттары аясында жетекшiлiк ететiн бағыттар бойынша мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу бойынша ақпараттарға талдау жүргiзу және құрастыру. Жетекшiлiк ететiн салалардың шығыстарын қаржыландыруға облыстық бюджеттiң жобасына ұсыныстар дайындау. Қадағалайтын салалардың бюджеттiк өтiнiмдерiнiң стратегиялық құжаттарға, бюджеттiк және өзге де заңнамаларға сәйкестiгiн қарастыру және оларға қорытындылар дайындау. Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызды қалалардың) бюджеттерi арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердi есептеуге қатысу. Экономиканың нақты секторының дамуына талдауды жүзеге асыру, болжамды қалыптастыру. Бөлiм құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша аналитикалық анықтамалар, материалдар, ақпараттар дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес салаларында жоғары бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ-нiң персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi.

Құжаттар «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ– де өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн