Облыстық мәслихаттың сессиясы туралы

2018 жылдың 16 наурызында облыстық мәслихаттың 19-ы сессиясы өттi. Онда Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Б.Б. Малғаждаров 2018 жылға арналғаноблыстық бюджетiн нақтылау мәселесi бойыншасөз сөйледi.

Облыстық мәслихат депутаттарының қарауына бюджеттiк комиссия мақұлдаған және Қоғамдық кеңестiң оң қорытындысын алған 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеттi нақтылау бойынша ұсыныс енгiзiлдi.

Сондай-ақ, бюджеттi нақтылаудың параметрлерi де депутат сағатында толық қаралды.

Облыстық бюджеттi нақтылау бюджеттiк қаржыны тиiмдi жұмсауға және облыстың негiзгi басым әлеуметтiк-маңызды мiндеттерiн шешуге бағытталған:

-Облыс өңiрлерiнiң2017-2018 жылдардың жылу маусымын аяқтауға;

-Инженерлiк инфрақұрылымдарды қайта жабдықтау мен құрылысына, тұрғын үй құрылысына, әлеуметтiк сала нысандарына, сумен қамту және су тарату жүйелерiн дамыту жобаларын жүзеге асыруға;

-Әлеуметтiк сала нысандарын қаржыландыруға.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн