Қазақстан Республикасында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруды туралы

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Көкшетау қаласында Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруды түсiндiру және жергiлiктi деңгейде ТБО-ны оқшаулау тәсiлдерiн талқылау бойынша аймақтық семинар өткiзiлдi.

Семинардың ұйымдастырушысы БҰҰДБ, АДБ, ҚР Ұлттық экономика министрлiгi, Ақмола облысының әкiмдiгi қолдауымен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ болды.

Семинарды "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Стратегиялық әзiрлемелер және тұрақты даму орталығының директоры Хамбар Бақытгүл ашты.

Семинар жұмысына жергiлiктi атқарушы органдардың, азаматтық қоғамның, жастардың, жеке сектордың, академиялық топтардың өкiлдерi қатысты.

Практикалық семинар Босния және Герцеговина БҰҰ сарапшылары әзiрлеген "Миссия 2030" iскерлiк ойыны форматында өткiзiлдi.

Семинарға қатысушылар өңiр үшiн өзектi ТБО-ны анықтады: ТБО-3 "Жақсы денсаулық және амандық", ТБО-4 "сапалы бiлiм", ТБО-8 "лайықты жұмыс және экономикалық өсу", ТБО-6 "Таза су және санитария".

Ақмола облысы бойынша семинар нәтижелерi Қазақстандағы ТБО-ны iске асырудың одан әрi кезеңiн өткiзу кезiнде ескерiлетiн болады.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн