Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын түсіндіру туралы

Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы ұйымдастырған 2017 жылдың 12 қазанында Көкшетау қаласында «Қоғамдық келiсiм» КММ Ұлттық экономика вице-министрi Мадина Ерасылқызы Әбiлқасымова қатысуымен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарының негiзгi ережелерiн түсiндiру бойынша кеңес өттi.

Бұл іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.Я.Каппель, Ақмола облысының, Қостанай облысының, Солтүстік Қазақстан облысының және Қарағанды облысының мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, өңірлердің бизнес өкілдері, зиялы қауым, сараптамалық қоғамдастықтар, бейінді ҮЕҰ қатысты.

М. Е. Әбiлқасымова 2025 жылға дейiнгi Стратегиялық жоспар ЭЫДҰ елдерi деңгейiнде адамдардың өмiр сүру деңгейiн көтеретiн экономиканың сапалы және тұрақты өсуiне бағытталғанын атап өттi. Бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетiлдiруге назар аударылады. 2025 жылға дейiнгi Стратегиялық жоспарда қоршаған ортаға терiсәсердi төмендетуге аса назар аударылады.

«Бұл жоспарды үкiмет үкiмет үшiн жасаған жоқ. Онда жеке бизнестiң, компаниялардың, кәсiпкерлердiң, халықтың белсендi рөлi көзделетiн мiндеттер мен бастамалар көрсетiлген. Тек мемлекет, бизнес пен азаматтардың әрiптестiгiмен бәсекеге қабiлеттi болашақ елдi құруға болатынын»- атап айтты өз сөзiнде вице-министр.

2025 жылға дейiнгi Стратегиялық жоспар елдiң экономикалық және әлеуметтiк өмiрiнде болатын жетi маңызды жүйелi реформаның төңiрегiнде әзiрлендi.

Мәселен, «Технологиялық жаңару және цифрлау» салаларды технологиялық жаңарту мен цифрландыру арқылы еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға бағытталған. «Жаңа экономикағаарналған дағдылар мен құзыреттер» реформасы шеңберiнде кадрларды даярлау сапасын арттыру арқылы экономиканың ағымдағы және болашақтағы қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, салалар мен аймақтар арасында еңбек ресурстарын тиiмдi бөлу процестерiн басқаруға және бiлiм беру жүйесiн өмiр бойы оқытуғақайта бағыттау көзделген. «Бәсекелестiк және бәсекеге қабiлеттi бизнес» жеке бизнес пен кәсiпкерлiктiң өсуi, экономикадағы мемлекет рөлiнiң қысқаруы, өнiм сапасын және кәсiпорындардың операциялық тиiмдiлiгiн арттыру,сондай-ақ экспорттық әлеуетiн дамыту үшiн жағдай жасау есебiнен жеке секторды жандандыруды көздейдi. Мемлекеттiк меншiк үлесiнiң деңгейiн ЭЫДҰ елдерiнiң деңгейiне-ЖIӨ-ден 15%-ға дейiн қысқарту үшiн жекешелендiру бағдарламасына деген көзқарас қайта қаралатын болады, сонымен қатар, рәсiмдер жеңiлдетiледi, компанияларды таңдау үшiн айқын қағидаттар қойылады және бәсекелi ортаға берiлетiн активтердiң ықтимал тәсiлдерi кеңейтiледi. Жеке бизнестi МЖӘ құралдарын пайдалануға тарту мақсатында МЖӘ рәсiмдерiн оңайлату, сондай-ақ құрал-саймандарды кеңейту және жеке инвестицияларды пайдалану жұмыстарын жүргiзу жоспарлануда.

«Сыбайлас жемқорлықсыз құқықтық мемлекет» реформасы шеңберiнде заңның сақталуына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және мемлекеттегi құқықтық мәдениеттi қалыптастыруға жағдай жасау.

«Қуатты өңiрлер мен урбандалу» реформасы өңiрлердiң қарастырылып отырған дербестiгiмен жауапкершiлiгiн арттыруға және барлық өңiрлерде халық үшiн негiзгi өмiр сүру деңгейiн қамтамасыз етуге бағытталған. Өңiрлердi дамытуға маңызды ынталандыру — бұл, олардың арасында бизнес жүргiзу жеңiлдiгi бойынша өңiрлердiң рейтингiсi негiзiнде олардың арасындағы бәсекелестiк.

М.Е. Әбiлқасымова Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен хаб- қалаларындағы экономикалық орталықтармен бiрыңғай экономикалық нарықты құру, мүмкiндiктердi iздестiру және ресурстарды оңтайландыру бойынша аймақаралық ынтымақтастықты нығайту керек, бiрақ керiсiнше, аймақтардың оқшаулануына себеп болмауы тиiс екендiгiн атап өттi. Елдiң экономикалық даму орталықтары ретiнде орташа қалаларды дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Осы мақсатта орташа қалаларда әлеуметтiк инфрақұрылым мен қызметтердi дамыту, өмiр сүру сапасын жақсарту және жұмыспен қамтамасыз ету үшiн жеке кәсiпкерлiктiң өсуiне жағдай жасау бойынша шаралар қабылданатын болады.

«Қоғамдық сана-сезiмдi жаңғырту» реформасында болашақ пен болашаққа жауапты,бәсекеге қабiлеттi, прагматикалық адамдардың бiрiккен Ұлт қалыптастыру мәселесi қарастырылуда. Бұдан басқа, «Мемлекеттiк сектордың өзгерiс көшбасшысы ретiнде» реформасы шеңберiнде елдегi өзгерiстер көзi ретiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың рөлiн арттыру мәселесi қарастырылуда.

Сонымен қатар 2025 жылға дейiнгi Стратегиялық жоспар «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыратын 7 басым бағытты қамтиды. Бұл 2050 жылғы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Үкiмет қазiр iске асырып жатқан және iске асыратын саясаттар. Оларға: ынталанған макроэкономикалық саясат; экономикалық салаларды қарқынды дамытуға бағытталған саясат; дамыған қаржы нарығын қалыптастыру саясаты; жеке инвестицияларды белсендi тарту саясаты; жоғарғы өмiр сүру сапасын қамтамасыз ету саясаты; жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат; белсендi сыртқы экономикалық саясат жатады.

Жоғарыда аталған реформаларды жүзеге асыру нәтижесiнде экономиканың өсуi жылына орташа есеппен ЖIӨ 4,5-5,0% деңгейiнде болуы тиiс, бұл 2025 жылы Қазақстанға жан басына шаққандағы ЖIӨ деңгейiн 20,5 мың долларға дейiн көтеруге мүмкiндiк бередi. Жеке сектордың экономикалық белсендiлiгi едәуiр өседi және ЖIӨ-дегi шағын және орта бизнестiң үлесi 35% -ға дейiн артады- дедi вице-министр.

М.Е. Әбiлқасымова Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру елге 2050 жылдың пайымын жүзеге асыруға және әлемдегi ең дамыған отыз елдiң лигасына кiруiне мүмкiндiк беретiнiне сенiм бiлдiрдi.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн