Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылға арналған Жолдауын түсіндіру туралы

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi" атты Жолдауының басты аспектiлерiн түсiндiру мақсатында ақпараттық-түсiндiру тобының құрамына кiретiн Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының орынбасары Г.О. Сәдуақасова Есiл ауданының Красивое селосында мен Атбасар ауданының Полтавка селосында семинар-кеңестер өткiздi.

Семинар-кеңес барысында азаматтарды толғандырған «Элеватор-Красивое» ЖШС қызметкерлерiне жалақы төлеудiң кешiктiрiлуi туралы, нан жеткiзу мәселесi туралы, зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәселелерi талқыланды.

Семинар-кеңестерге бюджеттiк сала қызметкерлерi, мемлекеттiк қызметкерлер, зейнеткерлер белсене қатысты.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн