Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі жұмыс кездесуі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлiгi, Гендерлiк теңдiк және әйелдердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының гендерлiк теңдiк және әйелдердiң мүмкiндiктерiн кеңейту шеңберiндегi көпұлтты штабы «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен бiрiгiп өткiзiлiп жатқан тұрақты даму мақсаттарына жәрдемдесу бойынша 2017–2018 жылдарға арналған жоба шеңберiнде, 2017 жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық жəне бюджеттiк жоспарлау бағдарламаларына гендерлiк талдау жұмысын жалғастыруда.

Көкшетау қаласында 2018 жылы 17 мамырда экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасында «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы өкiлдерi Ақмола облысының белсендi тобымен кездестi. Кездесу барысында жоспарлаудың гендерлiк тәсiлдерiн ескере отырып, бағдарламалық құжаттардың орындалу сапасы мен тиiмдiлiгiн арттырудың нақты механизмдерi талқыланған.

Сұхбатқа экономика және бюджеттiк жоспарлау, қаржы, жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп, iшкi саясат басқармалары, статистика департаментi және әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi қалалық хатшылыңғының өкiлдерi қатысты.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн