ҚР ҰЭМ Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасын іске асыруды жалғастырады

Ұлттық экономика министрi Руслан Дәленов «Нұр Отан» партиясындағы есеп беру кезiнде «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасын iске асыру барысы туралы баяндады.

Руслан Дәленов бағдарлама iске асырылған 4 жылдан берi республикалық бюджеттен 210 млрд.теңге бөлiнгенiн хабарлады. Бұл қаражат 13 мың ШОБ субъектiсiне қаржы беруге, 10 мың жұмыс орнын құруға, 3,3 трлн.теңгеге өнiм өндiруге мүмкiндiк бердi.

Министрлiк дерегiне қарағанда, осы 4 жыл iшiнде Бағдарлама аясында 13 231 жобаға 1,1 трлн.теңге кредит берiлiп, 246,5 млрд.теңге көлемiнде субсидия төлендi. 2019 жылғы 1-тоқсанның қортындысы бойынша, 715 жобаға 37 млрд.теңге кредит бөлiнiп, ол бойынша 11,5 млрд.теңге субсидия мен кепiлдiк төленген.

«Бағдарлама iске асырылған 4 жыл iшiнде 7 466 жобаға 135 млрд. теңге субсидия, 4 148 жобаға 56 млрд. теңге кепiлдiк берiлдi», — дедi министр.

Ол қабылданған шаралардың нәтиижесiнде, ШОБ-тың экономикадағы маңызы артқанын атап өттi. Мәселен, 2015 жылы ЖIӨ-дегi ШОБ үлесi 24,9%, 2018 жылғы — 9 айда 28,9%. Осылайша, 2015 жылмен салыстырғанда, шағын және орта кәсiпкерлердiң экономикаға қатысуы 4 тармақшаға өстi.

2019 жылғы 1 қаңтарда жұмыс iстейтiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 1,2 млн. бiрлiкке жеттi. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, бұл көрсеткiш 8,3%-ке өстi.

Еске салсақ, биыл Елбасының тапсырмасы бойынша, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша қолжетiмдi кредит беру мiндетiн орындауға 600 млрд.теңге бөлiндi. 65 экономикалық қызмет түрiнiң iшiнен 365 тауар анықталды. Бұл кредиттерге «БЖК-2020» арқылы субсидия берiледi.

Банктер 12,8 млрд.теңгенiң 21 өтiнiмiн мақұлдады. ЕДБ қарауында 69 млрд.теңгенiң 64 өтiнiмi жатыр. «Даму» қоры 7,5 млрд.теңгенiң 12 жобасын сусидиялау шартын бекiттi.

Сонымен қатар, бизнеске қаржы берудiң қолжетiмдi болуын күшейту мақсатында бiрқатар шаралар пысықталуда:

Бiрiншi. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша айналым қаражатына кредит беру үлесiн 30%-тен 50%-ке дейiн арттыру қарастырылуда.

Екiншi. «Қарапайым заттар экономикасын» кепiлдендiру құралдарын «БЖК-2020» арқылы енгiзу пысықталуда.

Үшiншi. «БЖК-2020» бойынша қаржыландыруды арттыру ұсынылуда.

ШОБ дамуын одан әрi ынталандыру үшiн кәсiпкерлiктi дамытуға қолайлы жағдай туғызуға бағытталған бизнес-ортаны дамытуға арналған заңнамалық түзетулердiң 7-пакетi қабылданды.

«БЖК-2020»-ны 2025 жылға дейiн ұзарту шеңберiнде қаржылық қолдау құралдарын жетiлдiруге бағытталған түзетулер әзiрлендi.

«Бұл шаралар бизнестi мемлекеттiк қолдау мен қаржыландыру шараларының қолжетiмдiлiгiн, сондай-ақ оның ел экономикасына үлесiн арттыруға мүмкiндiк бередi», — де

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн