A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Ақмола облысының 2016 жылғы қаңтар-сәуір әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы

Ақмола облысының 2016 жылғы қаңтар-сәуiр әлеуметтiк — экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 118,7 млрд.теңге құрды.Тауар өнiмнiң НКИ — 111,5% құрды.

Тау-кен өндiрiсi өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 124,1% құрады. Өсiм темiр кендердi (19,1%-ға), құрамында алтын бар кендердi (14,1%-ға) өндiру көлемдерiнiң байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 110,5% құрады.

Басқа да метал емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 213,6%) керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемiнiң (15,8%-ға) төмендеуi байқалады. Тауарлы бетон өндiрiсi 6,8 есе өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-105,3%) алкогольсiз сусындар шығару 28,3%, минералды су 13,7% өстi.

Машина жасау саласында (НКИ 91,5%) «ЕПК Степногорск» АҚ (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электровоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) жетекшi кәсiпорындар болып табылады.

Өсу келесi кәсiпорындар бойынша байқалады:

«ЕПК Степногорск» АҚ, подшипниктер көлемi 4212 тоннаны құрды, өсiм өткен жылдың тиiстi кезеңiнiң деңгейiмен салыстырғанда 1,6 есе;

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ 146 жүк тасымалдау автокөлiгiн жинады, немесе өткен жылдың осы кезеңiне 133,9% құрады.

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсiнде (НКИ 107,1%) 2016 жылғы қаңтар-сәуiр айларында полиэтиленнен жасалған қаптар және сөмкелер өндiрiсi 238,2 тоннаны құрады немесе өткен жылдың осы кезеңiне 103,4% құрады.

Пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсiнiң көлемi 4485,6 тонна (3,5%-ға төмендеуi байқалады).

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-132,8%) өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда (табиғи тұрғыда) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 29,5%, өсiмдiк май 61,4%, ұн 67,6% өстi.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-65,5%) этил спиртi өндiрiсi 15,3%, пестицид өндiрiсi 28,8% төмендедi. Күкiрт қышқылы өндiрiсi 34,5 мың тонна құрады (2016 ж. қантар-сәуiрде — өндiрiлген жоқ).

Металлургия саласында (НКИ 156,5%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 87,9% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» ЖШС қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 1270 тоннаны құрады.

Өндiрiстiң төмендеуiне облыстың 3 аймақта жол берiлген — Атбасар (96,5%), Бұланды (77,8%), Есiл (87,8%) аудандарында.

ИИДМБ аясында жүзеге асыру кезеңiнде (2010 жылдан 2016 жылдың 1 мамырға дейiн) 6,3 мың тұрақты жұмыс орындар құруымен 61 жоба 166,4 млрд. теңгеге iске қосылған.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 29,4 млрд. теңгенi құрады, нақты көлемнiң индексi — 2015 жылдың сәйкес деңгейiне 105% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. 2016 жылы облыс бойынша 4,6 млн га алқапқа жаздық егiс жұмыстары жоспарланған, соның iшiнде 4,2 млн.га алқапқа дәндi және дәндi дақылдар орналастырылады.

2016 жылы 206,7 мың га алқапқа майлы дақылдарды себу жоспарланған. Мал азықтық дақылдардың жаздық егiсiн 197,7 мың га алқапқа жүргiзу көзделген. Жалпы, өткен жылдардағы көпжылдық шөптердi есепке алғанда мал азығы дақылдары алқабының жалпы ауданы 607,5 мың ганы құрайды.

Сондай-ақ, 2016 жылы 18,7 мың га жерге картоп отырғызу жоспарда бар. Көкенiстер отырғызылатын алқаптың жалпы ауданы 4,4 мың ганы құрайтын болады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 30,6 мың тонна ет (өткен жылдың деңгейiне 9%-ға өсiм), 87,9 мың тонна сүт (3,6%-ға өсiм), 250,5 млн.дана жұмыртқа (12,8%-ға өсiм) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 3,7%-ға өстi (456,1 мың бас құрайды), оның iшiнде сиыр — 4,7%-ға (195,7% мың бас), жылқы — 6,4%-ға (164 мың бас), қой мен ешкi — 6%-ға (635,5 мың бас), шошқалар– 1,3%-ға (144,3 мың бас), құс 7%-ға (4,9 млн. бас) дейiн өстi.

Осымен қатар, ауыл шаруашылық құрылымдарда мал мен құс санының өсу қарқындары жоғары. Осы шаруашылықтар санатында IҚМ саны 11,2%-ға, с.i. сиыр — 19,2%-ға, қой мен ешкi — 5,3%-ға, жылқы — 5,9%-ға, құс –6,4%-ға.

Мал шаруашылығы саласын дамытудың кредиттiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 190 бас IҚМ, «Алтын Асық» — 438 бас, «Құлан»- 81 бас сатып алынды.

Астана қ. азық-түлiк белдiгiнiң аясында 8,9 млрд. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылып жатыр, соның iшiнде: 6 — астық қоймалары, 2-ет өндеу зауты, 1 — ешкi сүтiн өндiретiн шаруашылық, 1 — жылыжый кешенiң кеңейту.

Облыс ауыл шаруашылық құрырылымдары ағымдағы жылдың астана базарына 14,4 мың тонна сүт өнiмдерi (2015 жылдың деңгейiне 14,3% өсiм), 4,8 мың тонна ет өнiмдерi (10% өсiм), 60,7 млн. дана жұмыртқа (11,6% өсiм) жеткiзiлдi.

А.ж. 4 айындар қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 33,7 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 1,4% артық ұқсас кезеңiнде 2015 жылғы.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 54,4% болады, олардың есебiнен 18,3 млрд.теңге игерiлген.

Республикалық қаражаттың игерiлген үлесi инвестиция мөлшерiнен 16,5% немесе 5,6 млрд.теңгеден құрады, жергiлiктi бюджеттiң — 5,2%, 1,7 млрд. теңге игерiлген. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 18,7% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 5,2%.

Сыртқы инвестициялардың көлемi 2,3 млрд. теңге құрады.

Зерендi (28,2%), Ерейментау (30,7%),Коргалжын (33,2%), Еңбекшiлдер (55,2%), Бұланды (79,6%), Егiндкөл (96,4%) 6 ауданында негiзгi капиталға инвестициялар көлемi төмендедi.

«Аймақтарды дамудың бағдарламасы» шеңберiнде 6 жобаны жүзеге асыруға 0,6 млрд.теңге сумен қамту жүйенiң дамуы бойымен және су бөлуi ерекшеленген бөлiнген.

614 елдi мекендерден 353 елдi мекендер орталықтандырылған су (57,4%), орталықтандырымаған су- 234 елдi мекендер (38,1%). Жеткiзiлетiн су 27 елдi мекендер (4,4%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 10,5 млрд.теңге немесе 2015 жылдың деңгейiнен 94,6% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемi 11 ауданында төмендедi:

Астрахан (24,1%), Еңбекшiлдер (46,3%), Бұланды (54%), Коргалжын (60,8%), Сандықтау (68,6%), Зерендi (75,4%), Степногорск қ. (79,9%), Целиноград (83,9%), Атбасар (94,8%), Ерейментау (98,3%), және Көкшетау қ. (95,4%).

Тұрғын үй құрылысы.

2016 жылда қантар-сәуiр айындар 149,3 мың м2 енгiзiлген 2015 жылдың деңгейiне 211,1% құрады.

2016 жылы жергiлiктi автомобиль жолдарының құрылысына, қайта жабдықтауына, ұстауға және жөндеуге 5,2 млрд. теңге қарастырылған (ол 2015 жылдың деңгейiнен 13,3% төмен).

Облыста шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстейтiн субъектiлер саны 50,7 мың құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңiне 104,3%.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан 2015 жылдың 1 мамырда дейiн) Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен 64,9 млрд.теңге кредит сомасына 524 жоба мақұлданды.

2016 жылы бағдарламаны iске асыру аясында республикалық бюджеттен жеке кәсiпкерлiктi қолдау үшiн 1,9 млрд.теңге бөлiндi.

Үйлестiру кеңесiмен 5 млрд.теңге кредит сомасына 34 жоба мақұлданды.

Банктердiң кредиттерi бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша 3,03 млрд. теңге кредиттердiң жалпы сомасына 20 өтiнiм мақұлданды.

Банктердiң кредиттерi бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына «Кәсiпкерлердi салалық қолдау» бағдарламаның екiншi бағыты бойынша 1,9 млрд. теңге кредиттердiң жалпы сомасына 7 өтiнiм мақұлданды.

Банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша 54 млн. теңге несиеге кепiлдiк берiлдi жалпы сомасына 4 өтiнiм мақұлданды, екiншi бағыты бойынша 15,7 млн. теңге несиеге кепiлдiк берiлдi жалпы сомасына 3 өтiнiм мақұлданды.

Тұтыну бағасының индексi 102,9% (ҚР бойынша — 103,6%) құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 103,7%, азық — түлiк емес тауарларына — 103,6%, ақылы қызметтер — 101,3%.

2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында орташа айлық жалақы 2015 жылғы деңгейге 12,8%-ға өстi және 94,2 мың теңге құрады. Жалақының төмен деңгейi Атбасар (80 867 теңге), Ақкөл (81 028 теңге), Аршалынском (81 703 теңге), Ерейментауском (82 148 теңге), Целиноград (84 180 теңге), Сандықтау (84 434 теңге), Шортанды (89 193 теңге), Есiл (90 561 теңге) аудандарында байқалады. Жалақының ең төмен деңгейi Жақсы (71 842 теңге), Егiндiкөл (74 905 теңге), Астрахан (75 590 теңге), Бұланды (76 510 теңге), Жарқайың (77 495 теңге), Қорғалжын (79 772 теңге) аудандарында.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 33,6 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 114,2% сома түстi, с.i. республикалық бюджетке — 16,6 млрд. теңге (болжамға 117,9%), жергiлiктi бюджетке — 17 млрд. теңге (болжамға 110,7%).

2. Әлеуметтiк сала

2016 жылдың 4 айында экономика салаларында 2488 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 1966– тұрақты.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 2016 жылға 3,7 млрд.теңге қарастырылуда.

Бiрiншi бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебiнен жұмыспен қамту» бойынша ағымдағы жылға жоспарланған 1,9 млрд. теңгенiң 32 жоба iске асырылуға жоспарлануда, 766 жаңа жұмыс орны пайда болады, соның iшiнде жұмыспен қамту орталығы арқылы — 386.

Бүгiнгi күнге дейiн 4 дәрiгерлiк амбулаториялардың 2016 жылға жасалынып жатқан құрылыс үшiн 229,2 млн. теңгеге жоспарланған.

Екiншi бағыт "Ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу" бойынша 4,9 млн,теңге сомасына 104 адамды кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, 371 қатысушыға 1 051,9 млн. теңге сомаға микрокредиттер беру жоспарланған.

Үшiншi бағыт "Жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу" бойынша 86 адам кәсiптiк оқуға жiберу жоспарлануда, — әлеуметтiк жұмыс орындарында 371 адам немесе 88,3 % орналасты (2016ж. жоспары — 420 адам), және 2015 жылдан 192 адам жұмыс жалғастыруда, жастар тәжiрибесiне 155 адам немесе 38,9% жiберiлдi (2016ж. жоспары -398 адам), және 93 адам қатысуды жалғастырады.

Бағдарламаны өзектендiру нәтижесiнде:

- жұмыс берушiлерге қызметкерлердiң қайта даярлауы мен бiлiктiлiгiн арттыруға 15,4 млн.теңге сомасына (59 адамға) мемлекеттiк гранттар бөлуге;

- 11,3 млн.теңге сомасына 55-64 жас аралығындағы адамдарға (44 адамға) және 22,4 млн.теңге сомасына 18-24 жас аралығындағы жұмыс iстейтiн жастарғам(87 адамға) қайта даярлауы мен бiлiктiлiгiн арттыруға;

- 40,4 млн.теңге сомасына оралмандар мен iшкi көшiп келушiлерге көшуге көмекқаржы беруге қосымша қаражаттар бөлiндi.

Жалпы, жаңа жұмыс орындарын құру есебiнен, жұмыссыздық деңгейi 4,9% — ды құрады.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 2980 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 67,4% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың төмен деңгейi Есiл (25,0%), Шортанды (52,1%), Еңбекшiлдер (56,5%), Жарқайың (58,0%,) Зерендi (58,0%), Көкшетау қаласы (59,2%), Бұланды (60,4%), Целиноград (60,7%), Ерейментау ауданында (62,8%) Аршалы ауданнында (64,3%) және Сандықтау(66,7%) ауданында.

Қоғамдық жұмыстарға 1675 адам жiберiлдi.

Тұрмысы кедейлiктiң шегiнен төмен азаматтардың саны 32 адамға төмендеп және 526 адамды құрады.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 3105 аз қамтылған азаматтарға 24758,6 млн. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша құрылыс жүргiзiлуде:

- 1780 оқушыға арналған 5 мектеп (Целиноград ауданында — 2, Ерейентау, Бурабай, Еңбекшiлдер аудандарында — әр қайсысында 1).

- 520 орынды 2 балабақша (Көкшетау қ.)

«Ақкөл қаласы, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйi» ғимаратын қайта жабдықтау қарастылған.

Ақкөл ауданы Ақкөл қ., Зерендi ауданы Зерендi а. 250 қабылдау жасайтын аудандық емханаларының және Жарқайың ауданының Державинск қ. 70 орындық аурухананы емханамен сыйыстыру, Астрахан ауданында ФАП-тiң құрылысы аяқталуда.

Мектепке дейiнгi ұйым — 569 бiрлiк, соның iшiнде 192 балабақша және 377 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 139, жеке– 53.) .232 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2016 жылдың 1 мамырына мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 91% , 1-6 жас аралығы бойынша 60,5%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Сандықтау (78,2%), Целиноград (72,2%), Жарқаин (70,6%) және Қорғалжын (69,8%) ауданындарында, ен төмен Астрахан (50,5%) ауданында, Көкшетау қаласында (48,3%).

2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында медициналық ұйымдардың жабдықталуы 56,4%-ға (ФАП-тер — 49,99%, дәрiгерлiк амбулаториялар — 49,68%) деңгейiнде.

2016 жылдың қаңтар-сәуiр айларында медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейi 56,4% құрайды (ФАП-тер — 49,99%, дәрiгерлiк амбулаториялар — 49,68%).

Туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 0,5%-ға (100 мың адамға шаққанда 26,6-дан 26,5-ке дейiн), онкопатологиямен ауыру көрсеткiшi де 0,5%-ға (100 мың адамға шаққанда 79,8-ден 79,4-ке дейiн) төмендедi. Қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 13,7%-ға артты (100 мың адамға шаққанда 454,2-ден 516,2-ге дейiн). Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 37,3%-ға төмендедi (100 мың адамға шаққанда 112,69-дан 70,63-ке дейiн).

Сәби өлiмi көрсеткiшi 44,3%-ға төмендедi (1000 тiрi туғанға 13,1-ден 7,3-ке дейiн). Ана өлiмi жағдайлары тiркелмеген.

Ағымдағы жылда жергiлiктi және республикалық бюджет есебiнен жалпы сомасы 494,1 млн. теңгеге 15 күрделi және 1 ағымдағы жөндеу жүргiзiледi (соның iшiнде Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберiнде 194,9 млн. теңгеге 9 күрделi және 1 ағымдағы жөндеу).

Ақмола облысының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы

Мақаланың шыққан күні: 01.05.2016
Қаралым саны: 1076
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz