A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
2015 жылдың қаңтар-қарашадағы Ақмола облысының даму қорытындылары

Облыстың ағымдығы жылдың 11 айының әлеуметтік – экономикалық дамуы ағымдағы жылдың аяқталуы  бойынша болжам мен 2016 жылға жоспар туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 281,9 млрд.теңге құрады. Тауар өнімнің НКИ – 106,8% құрады.

Тау-кен өндірісі өнеркәсібінде нақты көлем индексі 99,4% құрады. Төмендеу көмір барлау көлемінің (50,7%), құрамында алтыны бар концентраттар шығарудың азаюымен байланысты (15%).

Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 109,2% құрады.

Басқа да метал емес минералды өнімдер өндірісі саласында (НКИ 76,4%)керамикалық кірпіш өндірісі көлемінің (16,8 %-ға)құрылыс қоспаларының (28,3%-ға)төмендеуі байқалады.

«ҚазШпал» АҚ жүктеменің  аз болуы себептерінен бетоннан жасалған құрылыстық конструкциялық қондырғылар шығарудың едәуірге төмендеуіне  (өткен жылдың тиісті кезеңі  деңгейінің  78,6%) жол берілген.

Сусындар өндірісі саласында (НКИ-91,2%) минералды сусындар шығару өндірісі 13,1%, алкогольсіз сусындар шығару 24,9% өсті. Алкогольді өнімдерге акциздер құнының ұлғаюына байланысты  арақ шығару 21,7% төмендеді.

Машина  жасау саласында (НКИ 98,7%) «ЕПК Степногорск» АҚ (теміржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндіру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ(КАМАЗ жүк автомобильдерін жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электровоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделі жөндеу) жетекші кәсіпорындар болып табылады.

Төмендеу келесі кәсіпорындар бойынша байқалады: «ЕПК Степногорск» АҚ, подшипниктер көлемі 9105 тоннаны немесе өткен жылдың тиісті кезеңі деңгейінің 66,2% құрады, «Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында тауарлық өнім көлемі  4569,2 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 85,8/% құрады. «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 578 жүк тасымалдау автокөлігін жинады, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 66,3% құрады.

Резеңке және пластмасса бұйымдары  өндірісінде (НКИ 94,5%) 2015 жылғы қаңтар- қараша айларында полиэтиленнен жасалған қаптар және сөмкелер өндірісі 641,6 тоннаны құрады немесе өткен жылдың осы кезеңіне 75,7% құрады.

Пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндірісінің көлемі 17343  тоннаны немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 85,3% құрады.

Азық-түлік өндірісінде (НКИ-103%) өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда(табиғи тұрғыда) ет және  сорпалық тағамдық азық-түлiктер 44,6%, сары май 40,1% өсті.

Химия өнеркәсібінде (НКИ-158,7%) этил спирті өндірісі 15% төмендеді, пестицид өндірісі  73,5% өсті.  

 Металлургия саласында (НКИ 133,6%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндіру көлемінің 83,4% ұлғаюы байқалады, бұл  «Altyntau Kokshetau» ЖШС қызметіне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемі 1788 тоннаны немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 55,6%  құрады.

Нақты көлем индексі төмендеуі облыстың 8 ауданында байқалады: Аршалы (83,2%),Ақкөл (83,7%)Шортанды (90,8%), Жақсы (92,9 %), Сандықтау (93,8%), Жарқайың(96,5%) аудандарында және Степногорск  (81,2%), Көкшетау (97,3%) қалаларында.

ИИДМБ аясында жүзеге асырылу кезеңінде (2010-2015 жылдың 11 айында)142,8 млрд. теңгенің  56 жобасы іске асырылып,  5,8 мың тұрақты жұмыс орындары пайда болды, сонымен қатар, 2015 жылы 37,6 млрд.теңгенің 7 жобасы іске асырылды, 617 тұрақты жаңа жұмысшы орындары пайда болды.

Өнеркәсіпте 2015 жылдың қорытындылары бойынша нақты көлемнің индексі –105,0 % құрайды.

  2016 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар:

индустрияландыру картасының жобаларының іске қосылуын, ИК жобаларымен жоспарлық қуатының игерілуін қамтамасыз ету, экономиканың басым секторлары аясында жаңа жобаларды іздеуді қамтамасыз ету;

(90 жобаға дейін мақұлдауды алу);

- ауыл шаруашылық өнімін –ұнды өңдеуіне («Урожай» ЖШС, «Ақмола -Бидай» ЖШС), өңделген сүтті (Балалар және емдік-профилактикалық тамақтандырудың КСЗ» ЖШС), жартылай дайындылған ет өнімдерін («Бижан» ЕӨЗ» ЖШС, «Астана-Агропродукт» ЖШС), өсімдік майының («Agrimer-Astyk» ЖШС) көлемдерін ұлғаюына байланысты азық-түлік өнеркәсібін бұдан былай дамыту;

- металлургияда өсімді «Райгородок» ЖШС алтын өндірісі, «Қызылту» кен орнының мыс-молибден кендерін өңдеу көлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз ету;

- химия саласында («Қазатомөнеркәсіп» КҚЗ» БК» АҚ) күкірт қышқылын өндірісін, өсімдіктерді қоғаудың химиялық заттарын өндіруін («Astana-Nan Chemicals» ЖШС)ұлғайту, қысқы дизельдік отынын  өндіруді ұлғайту («Астана-Ойл Сауда үйі» ЖШС)және басқалары.

Ауыл-шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 254,8 млрд. теңгені құрады, нақты көлемнің индексі – 2014 жылғы  деңгейдің 101,7% құрады. НКИ өткен жылғы деңгейден төмендеуіне Атбасар (94%), Жарқайың (94,5%), Астрахан (94,8%), Егіндікөл (95,5%),Аршалы (97,1%)Сандықтау (98,4%және                            Жақсы (99,3 %)аудандарында жол берілген.

Өсімдік шаруашылығы. Дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың жиналуы 4632,7 мың тоннаны құрады, орташа шығарылымы – 11,2 ц/гамайлы дақылдардан жалпы жиналым 138,5 мың тоннаны құрады (5,7 ц/га),  картоп – 261 мың тонна (139,5 ц/га),көкөністер – 56,9 мың тонна  (128,9 ц/га).

2016 жылдың астық жинауына 618,8 мың га жер өңделді.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттары тірі салмақта 78,7мың тонна ет (өткен жылдың деңгейіне 9,2%-ға өсім), 335,3 мың тонна сүт (3,1%-ға өсім), 703,2 млн.дана жұмыртқа (33,3%-ға өсім) өндірді.

ІҚМ басының саны 3,7%-ға өсті (396,5 мың бас құрайды), оның ішінде сиыр – 5,2%-ға(191,4  мың бас), жылқы – 10,5%-ға (147,4 мың бас), қой мен ешкі – 3,8%-ға (502,2мың бас), құс – 14%-ға (5 млн. бас), шошқалар басы – 4,4%-ға (115,8 мың бас) дейін өсті.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал мен құс санының өсу қарқыны жоғары. Осы аталған  шаруашылық санатында ІҚМ саны 13,5%-ға, с.і. сиыр – 22,1%-ға, қой мен ешкі – 2%-ға, жылқы – 9,3%-ға, құс – 18,7%-ға артты.

Ағымдағы жылы Астана қ. маңындағы азық-түлік белдеуі аясында 38,8  млрд. теңгенің 14 жобасын жүзеге асыру жоспарланған (2 - шаруашылық репродуктор, 2 - құсфабрикасы, 5 - астық қоймасы, 1-дән өңдеу зауыты, 1 - жылыжай, 1 - жылыжай кешенін кеңейту, 2 - элеватор кешені).

Қазіргі уақытта 5,2 млрд.теңгенің 7 жобасы іске асырылды («Ақмола Бидай» ЖШС (Көкшетау қ.) дәнді және майлы дақылдарды сақтау мен қайта өңдеу кәсіпорының құрылысы бойынша және «Алтын Дән» ЖШС (Есіл ауданы) 1,2 млрд. теңге сомасына астық қоймасының құрылысы бойынша жобалар жүзеге асырылды«Ринар» ЖШС – астық қоймасы құрылысы 12 мың тонна (Атбасар ауданы, Атбасар қ), «ХПП Арна» ЖШС - астық қоймалары ұлғайту 10 мың. тонна (70 мың тоннаға дейін) (Бұланды ауданы, Макинск қ), «АФ «Родина» ЖШС – астық қоймалары  құрылысы 20 мың тонна бидай (Целиноград ауданы, а. Ақмол), қуаттылығы 30 мың тоннаға астықты қабылдау, сақтау, тазалау, кептіру мен  жүктеуге «Пигас» ЖШС элеваторы, "Ирченко-элеватор" ЖШС – 40 мың тонна астыққа арналған элеваторлық кешен  (Атбасар ауданы).

Жылдың соңына дейін "ҚазгерҚұс" – қуаттылығы жылына 140 млн.дана жұмыртқө өндіретін құс фабрикасының 2 кезегі (Еңбекшілдер ауданы) жобасы іске қосылады 6 жобаның құрылысының аяқталуы 2016 жылға ауыстырылды.

 Облыстың ауылшаруашылық тауарөндірушілерімен 2015 жылдың 11 айынаастана базарларына 79,7 мың тонна сүт өнімдері (өсім 30,1%-ға), 20,7 мың  тонна ет өнімдері (14,4%), 203,6 млн. дана жұмыртқа (6,4%-ға) жеткізілді.

Ауыл-шаруашылығы саласының 2015 жылдың қорытындылары бойынша нақты көлемнің индексі –101,1% құрайды.

         2016 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар:

  • ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру шеңберінде қарастырылған 2016 жылға егіс алқаптарының құрылымдарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

- өсімдік шаруашылығында агротехникалық іс-шараларды жүзеге асыру;

- мал шаруашылығы саласында жалпы табында асыл тұқымды ірі қара малдардың үлес салмағын 16,8% - ға дейін ұлғайту, бордақылау алаңдарының жүктелімін қамтамасыз ету, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларын жүзеге асыру, азықтық базаны қалыптастыру мен жақсарту;

  • (сүт бойынша – 78,6%-ға дейінет бойынша – 76,6%);

- 2016 жылғы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

-  Астана қ.  ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді қамтамыз ету (94 мың тонна сүтті өнімдер  (қажеттіліктен 48% ), ет пен етті өнімдер – 22,2 мың тонна ( қажеттіліктен 52%), азық түліктік  – 222,5 млн. дана (100% қажеттіліктен) және басқалары.

2015 жылы инвестициялық қызмет белсенді бола бастады. Барлығы облыс экономикасын дамытуға 170,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Ол  2014 жылдың деңгейінің 108,1% құрады.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесі республикалық қаражаттың 41,1% болады, олардың есебінен 70,2 млрд.теңге игерілген.

  •  

Инвестициялар құрылымында банктердің несиелерінің үлесі 7,5% құрайды, басқадай  қарызға алған қаражаттың үлесі – 9,9%

Еңбекшілдер (15,6%), Есіл (70,7%), Зеренді (76,5%), Сандықтау (84,9%), Бұланды(90,8%), аудандары мен Көкшетау қаласында (97,8%) негізгі капиталға инвестициялар көлемі төмендеді.

Сыртқы инвестициялардың көлемі 9,2 млрд. теңгені құрады.

 «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберiнде сумен қамту жүйесін дамытуға және су бұру бойынша 10 жобаны жүзеге асыруға 3,0 млрд.теңге бөлінген.

614 елдi мекеннің ішінде тек 352 елді мекенде ғана сумен қамту орталықтандырылған(57,3%), сулары орталықтандырылмаған - 235 елді мекен бар (38,3%). 27 елді мекенге(4,4%) су тасымалданып жеткізіледі.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 83,6 млрд.теңгені немесе 2014 жылдың деңгейінің 111,1% құрады.

Еңбекшілдер (32,5%), Атбасар (42,4%), Астрахан (48,1%), Зеренді (56,9%), Егіндікөл(66,8%), Жақсы (69,2%), Ақкөл (78,8%), Сандықтау (87,6%) аудандарында және Степногорск (73%) қаласында  құрылыс жұмыстары қарқынының төмендеуіне жол берілген.

2015 жылдың қаңтар-қараша аралығында  235,4 мың м2  жеке және  коммерциялық тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2014 жылғы деңгейдің 136,5% құрайды.

2015 жылдың қорытындылары бойынша 255,5 мың м2  тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.

2015 жылы жергілікті автомобиль жолдарының құрылысына, қайта жабдықтауына, ұстауға және жөндеуге 6,1 млрд. теңге қарастырылған (ол 2014 жылдың деңгейінен 16,5% төмен).

 

 

2016 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар:

  • жылу беру маусымында жылу энергия көздерінің, электірлік және магистральдік жылулық желілердің  тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • бюджет саласы ұйымдары мен коммуналдық кәсіпорындарында қазандықтарда нормативтік қорды төмендетпей, жанармайдың жеткізілуін бақылауда ұстап тұру;
  • коммуналдық қызметтерге уақытылы төлемдерді жинауға бақылауды орнату.

Облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 49,7 мың немесе ол 2014 жылғы деңгейдің 54,9% құрайды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының барлық бағыттарын іске асыру барысында (2010 жылдан 2015 жылғы 1 желтоқсан аралығында) Өңірлік үйлестіру кеңесі жалпы сомасы 54,6 млрд. теңгені құрайтын 461 жоба бойынша несие беруді қолдады.

2015 жылы Бағдарламаны іске асыру барысында республикалық бюджеттен жеке кәсіпкерлікті дамытуға 1,8 млрд. теңге бөлінді. 2015 жылдың 1 желтоқсанына 136 өтінім қолдауын тапты.

Тұтыну бағасының индексі 111,4% (ҚР бойынша – 112,3%) құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 108%, азық – түлік емес тауарларына – 122,4%, ақылы қызметтер – 104,2%.

2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орташа айлық жалақы 2014 жылғы деңгейге 5,4%-ға өсті және 86,8 мың теңге құрады. Жалақының төмен деңгейі Ақкөл (73 210 теңге), Аршалы (74 422 теңге), Егіндікөл (74 698 теңге), Ерейментау (75 681 теңге), Атбасар (79 297 теңге), Шортанды (80 282 теңге), Бурабай (81 870 теңге) менЕсіл (85 583 теңге) аудандарында байқалады. Жалақының ең төмен деңгейі Астрахан(67 306 теңге), Жақсы (67 374теңге), Бұланды (67 755 теңге), Сандықтау (68 429 теңге), Қорғалжын (69 232 теңге) және Жарқайың (70 358 теңге) аудандарында.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 77,7 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 108,3% сома түсті, с.і. республикалық бюджетке – 32,3 млрд. теңге(болжамға 123%), жергілікті бюджетке – 45,4 млрд. теңге (болжамға 99,8%).

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны жағдайына 2015 жылға нақтыланған жылдық жоспар 81,5 млрд. теңге немесе 2014 дылы нақты түсімге 98,2%.

 

2. Әлеуметтік сала

 

2015 жылдың қаңтар-қырқүек айларында экономика салаларында 11467 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 5920 - тұрақты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2015 жылы 4,5 млрд.теңге қарастырылды.

Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамту 33 іске асырылды, 844 жаңа жұмыс орны пайда болды, соның ішінде  жұмыспен қамту орталығы арқылы – 374 немесе жоспарға 102,51%. 3 жоба белгіленге мерзімге сәйкес 2015 жылдың соңына дейін аяқталады, 4 жобаның құрылысы 2016 жылға жоспарланған.

Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу»  бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 287 қатысушы оқытылды, 277 қатысушыға 659,5 млн. теңгенің шағын несиесі берілді. 

Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберіндегі оқыту және елді мекен ауыстыру арқылы  жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша кадрларды қайта оқытуға және кәсіби оқытуға – 24 адам (жоспардың 100%), әлеуметтік жұмыс орындарын құруға – 632 адам (172%), жастар тәжірибесін ұйымдастыруға – 425 адам(147%) жолданды.

Целиноград аудынының Родина ауылында  қызметтік тұрған – үйді сатып алуға (8 бірпәтерлі тұрғын үй) және Ақмола облысының Калачи мен Красногор елді – мекендерінен халықты көшіріп алуға тұрғын үйлердің құрылысына және (немесе) жаңаландыруға, инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымдарына 2,0 млрд.теңге қарастырылған.

Жалпы, жаңа жұмыс орындарды құру арқылы жалпы жұмыссыздық деңгейі 5%құрады, ресми жұмыссыздық деңгейі 0,3% (2014 жылдың қаңтар-қараша – 0,4%).

         Жұмыспен қамту қызметі арқылы 12309 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтініш білдіргендер санының 93,2% құрадыЖұмыспен қамтылғандардың төмен деңгейі Еңбекшілдер (88%), Атбасар (88,9%), Қорғалжын (89%) аудандарында және Көкшетау қаласында (82,5%).

Қоғамдық жұмыстарға 3614 адам жіберілді.

Тұрмысы кедейліктің шегінен төмен азаматтардың саны 208 адамға төмендеп және 502 адамды құрады.

Барлық қаржыландыру көздерінен 3014 аз қамтылған азаматтарға                   68 млн. теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ақкөл ауданынрда  140 орындық бала бақшаның, Аршалы ауданында 120 орындық орта мектептің, Көкшетау қаласында жұмыс істейтін білім берудің 2 нысанына жапсарлас құрылыстар аяқталды.

- 2 200 оқушыға арналған 6 мектептің, 800 орындық  бала бақшаға жапсарлас құрылыстың жұмысы жалғасуда.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың басынан бастап 922 орындық 17 мектепке дейінгі ұйым іске қосылды, олар:

  • қалыпқа келтіру арқылы 60 орындық 1 бала бақшасы (Астрахан ауданы), 200 орындық ясли бала бақшасы  (Есіл ауданы).
  •  590 орындық 10 жеке меншік бала-бақшалардың ашылуы есебінен, олардың ішінен  7 бала бақша Целиноград ауданында (490 орындық), Шортанды(20 орындық), Зеренді (50 орындық), Ерейментау (30 орындық) аудандарында 1 балабақшадан;
  • 72 орындық 5 шағын – орталықтың ашылуынан, олардан: 2 – Зеренді (35 орындық), 2 – Есіл (30 орындық), 1 Сандықтау (7 орындық) аудандарында.  

Жыл соңына дейін 828 орындық 10 мектепке дейінгі мекеме іске қосылады (7 бала бақша және 3 шағын орталық), 105 қолданыстағы мекемелер  кеңейтіледі.

Нәтижесінде, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиеменқамту 60,5%-ға дейін артты.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында медициналық ұйымдардың жабдықталуы 56,16%-ға (ФАП-тер – 50,89%-ға, дәрігерлік амбулаториялар – 49,37%-ға) дейін артты.

Туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 6,8% (100 мың адамға шаққанда 96,8-ден 90,1-ге дейін), онкопатологиялық сырқаттану 1,3%-ға төмендеді (100 мың адамға шаққанда 315,5-тен 311,3-ке дейін).

Қан айналымы жүйесінің сырқаттану деңгейі 7,4% артты (100 мың адамға шаққанда 1950,3-тен 2095-ке дейін), ал одан өлім деңгейі 76,92%-ға ұлғайды (100 мың адамға шаққанда 151,72-ден 268,42-ге дейін).

Туу деңгейі өткен жылғы деңгейде (1000 адамға шаққанда 14,7-ден 14,7-ге дейін).

Сәби өлімі көрсеткіші 4,2%-ға ұлғайды (1000 тірі туғанға 9,5-тен 9,9-ға дейін).

Сандықтау және Ерейментау аудандарында 2 ана өлімі жағдайы тіркелген (2014 жылы облыс бойынша 1 жағдай).

Ақкөл ауданы (Ақкөл қ.) мен Зеренді ауданы (Зеренді а.) 250 қабылдау жасайтын аудандық емханаларының  және Жарқайың ауданының (Державинск қ.) 70 орындық аурухананы емханамен сыйыстыру құрылысы жүргізіліп жатыр (республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 3,9 млрд.теңге бөлінді).

Аршалы ауданында ФАП-тің, Бұланды, Аршалы аудандарында дәрігерлік  амбулаторияның құрылысы аяқталды.

Мақаланың шыққан күні: 01.12.2015
Қаралым саны: 1052
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz