A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
2016 жылдың қаңтар-ақпандағы Ақмола облысының даму қорытындылары

Ақмола облысының 2016 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

  1.  Экономика

Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 54,7 млрд. теңгені құрды. Тауар өнімнің НКИ – 126,2% (ҚР бойынша 99,7%).

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі 133,1% құрды.

Өсім темір кендерді (33%-ға), құрамында алтын бар кендерді (26,1%-ға) өндіру көлемдерінің ұлғаюына байланысты.

Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 127,1% құрды.

Азық-түлік өндірісінде (НКИ-126,1%) өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда(заттай көріністе) ет және  сорпалық тағамдық азық-түлiктер 15,4%, өңделген сүт 2,4%, ұн 45,9% өсті.

Сусындар өндірісі саласында (НКИ-102,4%) алкогольсіз сусындар 4,9%, арақ 3,7% өсті.

Химия өнеркәсібінде (НКИ-95,7%)  этил спиртін өндіру 1,1% төмендеді, пестицид шығару 4,8% ұлғайды.  Күкірт қышқылын шығару 19,5 мың тоннаны құрды (2015 жылға қаңтарда өндірілмеді).

Резеңке және пластмасса өнімдері өндірісінде (НКИ 206,4 %) 2016 жылғы қаңтар-ақпан айында полиэтиленнен жасалған қап және сөмкелер өндірісінің көлемі 73,3 тоннаны құрды, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 87,5%.

Пластмасстан жасалған құбырлар мен фитингтер өндірісінің көлемі 2045,4 тоннаны немесе өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 352,3% құрады.

          Машина  жасауда (НКИ 156,2%) жетекші кәсіпорындары болып «ЕПК Степногорск» (теміржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндіру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерін жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделі жөндеу) табылады.

          Өндіріс өсімі байқалады:

«ЕПК Степногорск» АҚ , подшипниктер көлемі 2367 тоннаны құрды,  өсім өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейімен салыстырғанда 3,0 есе;

 «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ  ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 48 жүкті және мамандандырылған автокөліктері жиналды немесе өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 228,6% құрады.

Басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі саласында (НКИ 209%)кірпіш өндірісі  көлемдерінің төмендеуі байқалады (28,1%).

Металлургия саласында (НКИ 253,8%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндіру көлемі 129,2% ұлғаюы байқалады, бұл  «Altyntau Kokshetau» ЖШС қызметіне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемі  430 тоннаны құрды немесе өсім өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 есе.

 Өндірістің төмендеуіне облыстың 2 аймақта жол берілген – Есіл (92,5%), Бұланды(97,4%) аудандарында.

ИИДМБ аясында жүзеге асыру кезеңінде (2010-2016 жылдың 1 наурызына)  6,2 мың тұрақты жұмыс орындар құруымен 166 млрд. теңгеге 60 жоба іске қосылған.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнімнің көлемі 20,1 млрд. теңге, нақты көлемнің индексі – 2015 жылдың  деңгейіне 103,7% құрады.

Төмен даму қарқыны және жағымсыз даму серпіні Сандықтау (93,9%), Астрахан(96,7%), Бұланды (98,6%), Ерейментау (99,7%), Шортанды (99,8%),  аудандарында белгіленген.

Өсімдік шаруашылығы. Ағымды жылдың көктемгі жаздық себу алқабы облыс бойынша 4,6 млн. ганы құрайды, оның ішінде дәнді дақылдар 4,2 млн.  га. (өткен жылдың деңгейіне қарағанда 18,3 га жоғары).

Майлы дақылдарды себу 199,1 мың га алқапта өткізілуі жоспарланған.  Картоп отырғызу (тұрғындар есебімен) облыс бойынша 18,4 мың га алқапта өткізілуі жоспарланған (өткен жылдың деңгейінен 300 га-ға төмен), ал көкөністер – 4,4 мың га(өткен жылдың деңгейіде).

Жемдік дақылдарды көктемде себу былтырғы жылғы деңгейде 166,2 мың га алқапты алады. Біртұтас көпжылдық шөптерді өткен жылдар есебімен жемдіктің жалпы ауданы облыс бойынша 576,1 мың га құрайды, 2015 жылғы деңгейден 18,0 мың га-ға жоғары немесе 10,5% облыстың егістігіне.

2016 жылдың егіс науқанына 17 мыңнан астам бірлік астық сепкіштері жұмылдырылатын болады. Соның ішінде жоғары өндірісті себу кешендері 1076 бірлік.

2016 жылдың 15 наурызына облыс бойынша машина-тракторлық алаңның жалпы дайындығы  орта есеппен 85-95%-ды құрайды, соның ішінде астық сепкіштерінің дайындығы – 87%, себу кешендері – 100%, тракторлар – 89%, жүк автокөліктері – 95%, тырма – 85%, қопсытқыштар – 89%, сыдыра жыртқыштар - 88%, тұқымды дәрілегіштер-95%, бүріккіштер – 93%. Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу жұмыстары жалғастырылып жатыр.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тірі салмақта 15,4 мың тонна ет (өткен жылдың деңгейіне 10,6%-ға өсім), 29,3 мың тонна сүт (4,2%-ға өсім), 125  млн.дана жұмыртқа (23,8%-ға өсім) өндірілді.

ІҚМ басының саны 3,1%-ға өсті (411,9 мың бас құрайды), оның ішінде сиыр – 6,5%-ға(191,8 мың бас), жылқы – 6,1%-ға (147,6 мың бас), қой мен ешкі – 4,8%-ға (550,1 мың бас), шошқалар – 0,1% (122,9 мың бас), құс 10%-ға (4,9 млн. бас) дейін өсті. Шошқалардың басы 1%-ға төмендеді (117,4 мың бас).

Осымен қатар, ауыл шаруашылық құрылымдарда мал мен құс санының өсу қарқындары жоғары. Осы шаруашылықтар санатында ІҚМ саны 10,3%-ға, с.і. сиыр – 19,9%-ға,  жылқы – 6,1%-ға, қой мен ешкі – 2,5%-ға, құс –9,3%-ға.

 «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 жылдың ішінде облыс бойынша 335 шаруа қожалыларымен 22,5 мыңға жуық ІҚМ басы, соның ішінде 2016 жылы - 17  аналық бас және 1 тұқымды бұқа сатып алынды.

Астана қ. азық-түлік белдігінің аясында 8,9  млрд. теңгеге 9 жоба жүзеге асырылып жатыр, соның ішінде: 1 – етті қайта өңдеу, 3 - астық қоймалары, 1 - жылыжай, 1 - жылыжый кешенің кеңейту, 3 - элеватор кешені.

Облыс ауыл шаруашылық құрырылымдары ағымдағы жылдың 11 наурызына астана базарына 2,4 мың тонна сүт өнімдері (2015 жылдың тиісті кезеңіне 10% өсім), 1,9 мың тонна ет өнімдері (10,6% өсім), 27,8 млн. дана жұмыртқа (16,4% өсім) жеткізілді.

А.ж. 2 айындар қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 11,5 млрд. теңгеқаржы жұмсалған,  бұл 2015 жылдың деңгейіне 1,2 ретте артық.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесі кәсіпорындардың  меншікті қаражатына және дербес салушылар 74,3% болады, олардың есебінен 8,6 млрд.теңге игерілген.

Республикалық қаражаттың игерілген үлесі инвестиция мөлшерінен  4,7% немесе 540,3 млн.теңгеден құрады, жергілікті бюджеттің – 4,4%, 512,0 млн. теңге игерілген. Банктердің несиелерінің үлесі инвестицияның жалпы мөлшерінде 6,9% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесі – 9,7%.

Сыртқы инвестициялардың көлемі 1,4 млрд. теңге құрады.

Ерейментау (16,3%), Еңбекшілдер (54,6%), Зеренді (55,4%), Аршалы (75,7%), Бурабай(94,0%) 5 аудандарында негізгі капиталға инвестициялар көлемі төмендеді.

«Аймақтарды дамудың бағдарламасы» шеңберiнде 6 жобаны жүзеге асыруға 0,6 млрд.теңге сумен қамту жүйенiң дамуы бойымен және су бөлуi ерекшеленген бөлінген.

614 елдi мекендерден 352 елді мекендер орталықтандырылған су  (57,3%), орталықтандырымаған су- 235 елді мекендер (38,3%). Жеткізілетін  су 27 елді мекендер(4,4%).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,9 млрд.теңге немесе 2015 жылдың деңгейіне132,2% құрады.

Астрахан (35,6%), Еңбекшілдер (44,6%), Есіл (54,3%), Жақсы (73,3%), Ерейментау(74,3%), Зеренді (77,7%), Қорғалжын (78,1%), Сандықтау (81,7%) 8 аудандарында құрылыс жұмыстары қарқынының төмендеді.

Тұрғын үй құрылысы.

2016 жылда қантар-ақпан айындар 78,9 мың м2 енгізілген 199,6% құрады.

2016 жылы жергілікті автомобиль жолдарының құрылысына, қайта жабдықтауына, ұстауға және жөндеуге 5,1 млрд. теңге қарастырылған (ол 2015 жылдың деңгейінен 22,7% төмен).

Облыста шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істейтін субъектілер саны 50,7 мың құрады немесе 94,9% құрады, соның ішінде:

- шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 5,0 мың бірлік;

- орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 130 бірлік,

- жеке кәсіпкерлер 41,9 мың бірлік;

- шаруа қожалығы (фермерлік) -3,6 мың бірлік.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша іске асыру кезеңінде (2010 жылдан 2015 жылдың 1 наурыздағы дейін) Өңірлік Үйлестіру кеңесімен 63 244,6 млн.теңге кредит сомасына        511 жоба мақұлданды.

2016 жылы республикалық бюджеттен жеке кәсіпкерлікті қолдау үшін 1,7 млрд.теңге бөлінді.

Үйлестіру кеңесімен 3 344,1 млн. тенге кредит сомасына 22 жоба мақұлданды, соның ішінде:

- банктердің кредиттері бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына«Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 1 756,6 млн. теңге кредиттердің жалпы сомасына 14 өтінім;

- банктердің кредиттері бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына«кәсіпкерлерді салалық қолдау» бағдарламаның екінші бағыты бойынша 1531,0 млн. теңге кредиттердің жалпы сомасына  3 өтінім;

- банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 42,0 млн. теңге кепілдік берілді жалпы сомасына           3 өтінім, екінші бағыты бойынша 14,5 млн. теңге кепілдік берілді жалпы сомасына 2 өтінім мақұлданды.

Тұтыну бағасының индексі 102,0% (ҚР бойынша – 102,5%) құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 102,9%, азық – түлік емес тауарларына – 101,6%, ақылы қызметтер – 101,2%.

 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орташа айлық жалақы 2014 жылғы деңгейге 5,2%-ға өсті және 88,3 мың теңге құрады. Жалақының төмен деңгейі Ақкөл(71 822 теңге), Жақсы (74 387 теңге), Егіндікөл (74 600 теңге), Аршалы (75 380 теңге), Ерейментау (76 735 теңге), Атбасар (80 441 теңге), Шортанды (80 927 теңге),Бурабай (83 838 теңге), Целиноград (84 929 тенге), Есіл (85 792 тенге)аудандарында байқалады. Жалақының ең төмен деңгейі Сандықтау (68 462 теңге),Қорғалжын (69 480 теңге) Астрахан (69 887 теңге), Жарқайың (70 139 теңге) және Бұланды (71 588 теңге), аудандарында.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 16,6 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 125,2% сома түсті, с.і. республикалық бюджетке – 8,1 млрд. теңге(болжамға 129,5%), жергілікті бюджетке – 8,4 млрд. теңге (болжамға 121,2%).

 

2. Әлеуметтік сала

2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында экономика салаларында 1115 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 1033 - тұрақты.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі бағыттарын 2016 жылда іске асыру үшін Бағдарламаны өзектендіруге қосымша бөлінген қаражаттармен3,7 млрд. теңге көзделді.

«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша ағымдағы жылда 1869,8 млн. теңге сомасына 32 жобаны жоспарланды, 766 жұмыс орнын құру жоспарлануда, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы - 386.

3 дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы бойынша жұмысы жалғасуда, оларды 2016 жылда аяқтауға 169,1 млн. теңге сомасында қаражат жоспарланды.

 «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші бағыты бойынша 4,9 млн.теңге сомасына 104 адамды кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту, 371 қатысушыға 1051,9 млн. теңге сомасына шағын несиелерді беру жоспарланды. 

«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты бойынша кәсіби оқытуға 86 адамды жолдау жоспарлануда, әлеуметтік жұмыс орындарына – 420 адам, жастар тәжірибесіне – 398 адам.

Бағдарламаны өзектендіру нәтижесінде:

- жұмыс берушілерге қызметкерлердің қайта даярлауы мен біліктілігін арттыруға 15,4 млн.теңге сомасына (59 адамға) мемлекеттік гранттар бөлуге;

- 11,3 млн.теңге сомасына 55-64 жас аралығындағы адамдарға (44 адамға)  және 22,4 млн.теңге сомасына 18-24 жас аралығындағы жұмыс істейтін жастарғам(87 адамға) қайта даярлауы мен біліктілігін арттыруға;

- 40,4 млн.теңге сомасына оралмандар мен ішкі көшіп келушілерге көшуге көмекқаржы беруге қосымша қаражаттар бөлінді.

Тұтас алғанда, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жалпы жұмыссыздық деңгейі4,9% құрады (2015ж. 4 тоқсан), ресми жұмыссыздық - 0,3% (2015 жылдың ақпаны – 0,3%).

         Жұмыспен қамту қызметі арқылы 1146 адам жұмысқа орналастырылды, бұлөтінішпен жүгінгендердің санынан 63,7% құрадыЖұмыспен қамтылғандардың төмен деңгейі  11 аудандарда байқалады: Есіл ауданында (3,3%), Жақсы ауданында (26,2%),Зеренды ауданында (40,4%), Қорғалжын ауданында (44,0%), Енбекшілдер ауданында(45,0%), Аршалы ауданында (49,1%), Егіндікөл ауданында (54,1%), Бурабай ауданында (56,0%), Атбасар ауданында (57,7%),Буланды ауданында (61,6%) және Астраханауданында 63,2%).

Қоғамдық жұмыстарға 566 адам жолданды.

Кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың саны 156 адамға қысқарды және 569 адамды құрады.

Қаржыландырудың барлық дереккөздерінен 2834 аз қамтылған азаматтарға13777,5 мың теңге сомасына әлеуметтік көмек көрсетілді.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша құрылыс жүргізілуде:

- 500 оқушыға арналған 2 мектеп (Целиноград, Ерейентау аудандарында).

- 520 орынды 2 балабақша (Көкшетау қ.)

 «Ақкөл қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйі» ғимаратын қайта жабдықтау қарастылған.

Ақкөл ауданы Ақкөл қ., Зеренді ауданы Зеренді а. 250 қабылдау жасайтын аудандық емханаларының  және Жарқайың ауданының Державинск қ. 70 орындық аурухананы емханамен сыйыстыру, Астрахан ауданында ФАП-тің құрылысы қарастырылған.

Мектепке дейінгі ұйым – 569 бірлік, соның ішінде 192 балабақша және 377 мектепке дейінгі шағын орталық  (в т.ч. государственных - 139, частных – 53.) 

232 елді мекенінен  тасымалдау жүзеге асырылады.

2016 жылдың 1 наурызға мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша  91% ,  1-6 жас аралығы бойынша 60,5%.

Жоғары көрсеткіштері  (3-6 жас аралығы бойынша)  Сандықтау (78,2%), Целиноград(72,2%), Жарқаин (70,6%) және  Қорғалжын (69,8%) ауданындарында, ен төмен Астрахан  (50,5%) ауданында,  Көкшетау қаласында  (48,3%).

2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында медициналық ұйымдардың жабдықталуы 56,35%-ға (ФАП-тер – 51,51%, дәрігерлік амбулаториялар – 49,66%) деңгейінде.

Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 15,1% төмендеді (100 мың адамға шаққанда 14,4-тен 12,2-ге дейін), қан айналу жүйесінің ауыру деңгейі 8,6% ұлғайды (100 мың адамға шаққанда 232,3-тен 252,3-ке дейін).

Онкопатологиямен ауыру көрсеткіші өткен жыл деңгейінде - 100 мың адамға шаққанда 36,7.

Қан айналу жүйесінің ауруларынан өлу деңгейі 38,2% төмендеді (100 мың адамға шаққанда 54,99-дан 33,99-ға дейін).

Туу деңгейі 21,7%-ға өсті (1000 адамға шаққанда 2,3-тен 2,8-ге дейін).

Сәби өлімі көрсеткіші 38,7%-ға төмендеді (1000 тірі туғанға 12,4-тен 7,6-ға дейін).

Ана өлімі жағдайлары тіркелмеген.

Жергілікті бюджет есебінен емдік-алдын алу ұйымдарында 5 күрделі жөндеу жүргізілмек (292,4 млн. теңге), республикалық бюджет есебінен Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде 3 күрделі жөндеу жоспарланған (47,0 млн. теңге).

Мақаланың шыққан күні: 01.03.2016
Қаралым саны: 1106
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz