A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
2015 жылдың қаңтар-желтоқсандағы Ақмола облысының даму қорытындылары

Облыстың 2015 жылға әлеуметтік – экономикалық дамуы мен 2016 жылға жоспар туралы ақпарат

  1.  Экономика

Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 313,5 млрд.теңге құрады. Тауар өнімнің НКИ – 106,9%құрады.

Тау-кен өндірісі өнеркәсібінде нақты көлем индексі 99,1% құрады. Төмендеу көмір барлау көлемінің (64%), құрамында алтыны бар концентраттар шығарудың азаюымен байланысты (18%).

Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 109,6% құрады.

Басқа да метал емес минералды өнімдер өндірісі саласында (НКИ 86,5%)керамикалық кірпіш өндірісі көлемінің (14,1%-ға)құрылыс қоспаларының (29,6%-ға)төмендеуі байқалады.

«ҚазШпал» АҚ жүктеменің  аз болуы себептерінен бетоннан жасалған құрылыстық конструкциялық қондырғылар шығарудың едәуірге төмендеуіне  (өткен жылдың тиісті кезеңі  деңгейінің  79,7%) жол берілген.

Сусындар өндірісі саласында (НКИ-90,9%) минералды сусындар шығару өндірісі 12,6%, алкогольсіз сусындар шығару 25,3% өсті. Алкогольді өнімдерге акциздер құнының ұлғаюына байланысты  арақ шығару 21,6% төмендеді.

Машина  жасау саласында (НКИ 99,1%) «ЕПК Степногорск» АҚ (теміржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндіру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ(КАМАЗ жүк автомобильдерін жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электровоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделі жөндеу) жетекші кәсіпорындар болып табылады.

Төмендеу келесі кәсіпорындар бойынша байқалады: «ЕПК Степногорск» АҚ, подшипниктер көлемі 10282 тоннаны немесе өткен жылдың тиісті кезеңі деңгейінің 72,1% құрады, «Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында тауарлық өнім көлемі  5179 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 89,9% құрады. «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 721 жүк тасымалдау автокөлігін жинады, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 64% құрады.

Резеңке және пластмасса бұйымдары  өндірісінде (НКИ 91,9%) 2015 жылғы қаңтар- желтоқсан айларында полиэтиленнен жасалған қаптар және сөмкелер өндірісі 702,4 тоннаны құрады немесе өткен жылдың осы кезеңіне 72,9% құрады.

Пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндірісінің көлемі 17951,2  тоннаны немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 80,8% құрады.

Азық-түлік өндірісінде (НКИ-104,4%) өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда(табиғи тұрғыда) ет және  сорпалық тағамдық азық-түлiктер 50,6%, сары май 49,3% өсті.

Химия өнеркәсібінде (НКИ-156,1%) этил спирті өндірісі 11,5% төмендеді, пестицид өндірісі  68,9% өсті.  

 Металлургия саласында (НКИ 134,6%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндіру көлемінің 80,1% ұлғаюы байқалады, бұл  «Altyntau Kokshetau» ЖШС қызметіне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемі 2009 тоннаны немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 59,3%  құрады.

Нақты көлем индексі төмендеуі облыстың 7 ауданында байқалады: Көкшетау (97,4%),Степногорск  (81,7%) қалаларында және Ақкөл (87,1%)Аршалы (84,3%), Жақсы(93,2%), Сандықтау (94,2%), Шортанды (91,6%)  аудандарында.

ИИДМБ аясында жүзеге асырылу кезеңінде (2010-2015 жылдарға) 166  млрд. теңгенің  60 жобасы іске асырылып,  6,2 мың тұрақты жұмыс орындары пайда болды, сонымен қатар, 2015 жылы 44,5 млрд. теңгенің 11 жобасы іске асырылды, 976 тұрақты жаңа жұмысшы орындары пайда болды.

  2016 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар:

- өнеркәсіп саласындарда тұрақты өсуін жабдықтау;

- құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібінде  өндірісті арттыру сақтық қорларын пайдалану.

- Карталар индустрияландыру жобаларды уақытында пайдалануға қамтамасыз ету;

- Экономиканың басым секторлары аясында жаңа жобаларды іздеу жоба КИ, қуаты жоспарлы дамуын қамтамасыз ету.

Ауыл-шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 263,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлемнің индексі – 2014 жылғы  деңгейдің 102,1% құрады. НКИ өткен жылғы деңгейден төмендеуіне Атбасар (94,5%), Астрахан (95,4%), Егіндікөл (95,7%),Сандықтау (97,9%), Аршалы (99,2%)және Жақсы (99,5 %) аудандарында жол берілген.

Өсімдік шаруашылығы. Дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың жиналуы 2015 жылы 4738,6 мың тоннаны құрады, орташа шығарылымы – 11,5 ц/гамайлы дақылдардан жалпы жиналым 122,7 мың тоннаны құрады (5,3 ц/га),  картоп – 248,3 мың тонна (139,5 ц/га), көкөністер – 62,4 мың тонна  (146,5 ц/га).

2016 жылдың астық жинауына 618,8 мың га жер өңделді.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттары тірі салмақта 90,6 мың тонна ет (өткен жылдың деңгейіне 10%-ға өсім), 359 мың тонна сүт (2,6%-ға өсім),779,3 млн.дана жұмыртқа (33,5%-ға өсім) өндірді.

ІҚМ басының саны 2,8%-ға өсті (385,2 мың бас құрайды), оның ішінде сиыр – 6%-ға(190,7  мың бас), қой мен ешкі – 0,3%-ға (492,7 мың бас), құс – 15,4%-ға (5 млн. бас), жылқы – 141,4 мың бас, шошқалар басы – 113,2 мың бас өткен жыл деңгейінде.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал мен құс санының өсу қарқыны жоғары. Осы аталған  шаруашылық санатында ІҚМ саны 9,8%-ға, с.і. сиыр – 14,1%-ға, жылқы – 0,5%-ға, құс – 17%-ға артты.

Ағымдағы жылы Астана қ.  маңындағы азық-түлік белдеуі аясында 22,2  млрд.теңгенің 14 жобасы жүзеге асырылды,496 жаңа жұмыс орны құрылды, олардың ішінен бағыттар бойынша: 1 сүтті мал шаруашылығы бойынша жоба («Камышенка» - 600 басқа дейін сүтті ірі қара мал шаруашылығына бағытталған СТФ  кеңейту бойынша, жоба құны - 254,7 млн. теңге, 18 жаңа жұмыс орны құрылды. 2015 жылдың 21 қыркүйегінен бастап қолданысқа берілді);

2 жоба құс шаруашылығы бойынша жалпы соммасы 15175 млн. тенге «ЖШС Capital projects LTD» қуаттылығы жылына 20 мың тонна дейінгі бройлерлік құс фабрикасының құрылысы.  жоба құны - 12796 млн. теңге, (Ақмол а. Целиноград ауданы) 250 жаңа жұмыс орны құрылды; ЖШС «Қазгер Кұс» құс фабрикасының 2 кезегі (Степняк қ. Еңбекшілдер ауданы). жоба құны - 2379 млн. теңге, 88 жаңа жұмыс орны);

Жалпы соммасы – 6777,4 млн. тенгені құрайтын 11 астық сауда қоймасы (ЖШС «Ақмола Бидай» тәулігіне 160 тонна ұн өндейтін, жылына 30 мың тонна дәнді және майлы дақылдарды сақтау мен қайта өңдеу кәсіпорының құрылысы (Көкшетау қ.) жоба құны – 1169,2 млн. теңге, 75 жаңа жұмыс орны құрылды; ЖШС «Алтын Дән» дәнді және майлы дақылдарды сақтау мен қайта өңдеу кәсіпорының құрылысы бойынша және (Есіл ауданы Ковальное а.) жоба құны – 1200 млн. теңге, 7 жаңа жұмыс орны құрылды; ЖШС «Ринар» астық қоймасы құрылысы 12 мың тонна (Атбасар ауданы, Атбасар қ), жоба құны – 412 млн. теңге, 5 жаңа жұмыс орны құрылды;   ЖШС «ХПП Арна» - астық қоймалары ұлғайту 10 мың. тонна (Бұланды ауданы, Макинск қ), жоба құны – 196,3 млн. теңге, 3 жаңа жұмыс орны құрылды.ЖШС «АФ «Астық» – астық қоймалары  кеңейту 10 мың тонна бидай (Целиноград ауданы, а. Жайнақ), жоба құны – 143,5 млн. теңге, 5 жаңа жұмыс орны құрылды; ЖШС «Агрофирма Родина» 20 мың тонна астық қоймасының құрылысы (Целиноград ауданы, а. Ақмол), жоба құны – 543,3 млн. теңге, 6 жаңа жұмыс орны құрылды; ЖШС «Пигас» 30 мың тонна астық қоймасының құрылысы (Ақкөл ауданы Ақкөл қ.) жоба құны – 587,1 млн. теңге, 12 жаңа жұмыс орны құрылды; ЖШС «Алтэко Агро» 6 мың тонна астық қоймасының құрылысы (Көкшетау қ.) жоба құны – 212,1 млн. теңге, 7 жаңа жұмыс орны құрылды; ЖШС "Ирченко-элеватор" 20 мың тонна астық қоймасының құрылысы (Атбасар ауданы, Атбасар қ.), жоба құны – 1096,7 млн. теңге, 8 жаңа жұмыс орны құрылды; ЖШС "Эльнур Адил Групп" 20 мың тонна астық қоймасының құрылысы (Зеренді ауданы, Азат ст.), жоба құны – 772,7 млн. теңге, 9 жаңа жұмыс орны құрылды; ЖШС "Жасылское АҚК" 10 мың тонна астық қоймасының құрылысы (Атбасар ауданы, Атбасар қ.), жоба құны – 444,5 млн. теңге, 3 жаңа жұмыс орны құрылды;

 Облыстың ауылшаруашылық тауарөндірушілерімен 2015 жылы астана базарларына 86,9  мың тонна сүт өнімдері (өсім 25,3%-ға), 21 мың  тонна ет өнімдері (7,4%), 217,5млн. дана жұмыртқа (2%-ға) жеткізілді.

2016 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар:

- әртараптандыру шеңберінде қарастырылған басымды егіс алқаптарының құрылымдарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

- мал шаруашылығы саласында жалпы табында асыл тұқымды ірі қара малдардың үлес салмағын 16,8% - ға дейін ұлғайту, бордақылау алаңдарының жүктелімін қамтамасыз ету.

- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының өндіріс қуаттылығының жуктелімін қамтамасыз ету (сүт бойынша – 78,6%-ға дейін, ет бойынша – 76,6%);

- 2016 жылғы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

-  Астана қ.  ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді қамтамыз ету (94 мың тонна сүтті өнімдер  (қажеттіліктен 48% ), ет пен етті өнімдер – 22,2 мың тонна ( қажеттіліктен 52%), азық түліктік  – 222,5 млн. дана (100% қажеттіліктен) және басқалары.

2015 жылы инвестициялық қызмет белсенді бола бастады. Барлығы облыс экономикасын дамытуға 199,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Ол  2014 жылдың деңгейінің 105,5% құрады.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесі кәсіпорындардың  меншікті қаражатына және дербес салушылар 39,1% болады, олардың есебінен 77,9 млрд.теңге игерілген.

Республикалық қаражаттың игерілген үлесі инвестиция мөлшерінен 38,9% немесе 77,5 млрд.теңгеден құрады, жергілікті бюджеттің – 3,7%, 7,3 млрд. теңге игерілген.

Банктердің несиелерінің үлесі инвестицияның жалпы мөлшерінде 7,1% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесі – 11,2%.

Еңбекшілдер (19,3%), Зеренді (76,4%), Есіл (69,6%), Сандықтау (76,6%), Есіл (77,6%), Бұланды (90,8%), Корғалжын (95,4%) аудандарында негізгі капиталға инвестициялар көлемі төмендеді.

Сыртқы инвестициялардың көлемі 14,2 млрд. теңге құрады.

«Аймақтарды дамудың бағдарламасы» шеңберiнде 9 жобаны жүзеге асыруға 3,0 млрд.теңге сумен қамту жүйенiң дамуы бойымен және су бөлуi ерекшеленген бөлінген.

614 елдi мекендерден 352 елді мекендер орталықтандырылған су  (57,3%), орталықтандырымаған су- 235 елді мекендер (38,3%). Жеткізілетін  су 27 елді мекендер(4,4%).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 91,5 млрд.теңге немесе 2014 жылдың деңгейіне106,1% (2015 106%-ға жоспар) құрады.

Еңбекшілдер (26,4%), Атбасар (34,8%), Астрахан (44,8%), Зеренді (64,2%), Егіндікөл(67,5%), Сандықтау (77%),  Жақсы (79,4%), Ақкөл (90,9%), Бұрабай (95,4%), Корғалжын(96,5%) аудандарында және Степногорск (65,1%) қаласында  құрылыс жұмыстары қарқынының төмендеді.

Тұрғын үй құрылысы.

2015 жылда қантар-желтоқсан айында 282,1 мың м2  енгізілген 105,3% құрады.

2015 жылы жергілікті автомобиль жолдарының құрылысына, қайта жабдықтауына, ұстауға және жөндеуге 6,1 млрд. теңге қарастырылған (ол 2014 жылдың деңгейінен 16,5% төмен).

2016 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар:

-                     жылу беру маусымында жылу энергия көздерінің, электірлік және магистральдік жылулық желілердің  тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

-                     бюджет саласы ұйымдары мен коммуналдық кәсіпорындарында қазандықтарда нормативтік қорды төмендетпей, жанармайдың жеткізілуін бақылауда ұстап тұру;

-                     коммуналдық қызметтерге уақытылы төлемдерді жинауға бақылауды орнату.

Облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 49,5 мың немесе ол 2014 жылғы деңгейдің 94,1% құрайды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының барлық бағыттарын іске асыру барысында (2010 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтары аралығында) Өңірлік үйлестіру кеңесі жалпы сомасы, 58,2 млрд. теңгені құрайтын 487 жоба бойынша несие беруді қолдады.

2015 жылы Бағдарламаны іске асыру барысында республикалық бюджеттен жеке кәсіпкерлікті дамытуға 1 855,4 млн. теңге бөлінді, оның 1 851,4 млн. теңге игерілді немесе 99,8% жылға. 2016 жылдың 1 қаңтарына 165 өтінім қолдауын тапты.

Тұтыну бағасының индексі 113% (ҚР бойынша – 113,6%) құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 109,2%, азық – түлік емес тауарларына – 122,2%, ақылы қызметтер – 108,2%.

2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орташа айлық жалақы 2014 жылғы деңгейге 5,4%-ға өсті және 86,8 мың теңге құрады. Жалақының төмен деңгейі Ақкөл (73 210 теңге), Аршалы (74 422 теңге), Егіндікөл (74 698 теңге), Ерейментау (75 681 теңге), Атбасар (79 297 теңге), Шортанды (80 282 теңге), Бурабай (81 870 теңге) менЕсіл (85 583 теңге) аудандарында байқалады. Жалақының ең төмен деңгейі Астрахан(67 306 теңге), Жақсы (67 374теңге), Бұланды (67 755 теңге), Сандықтау (68 429 теңге), Қорғалжын (69 232 теңге) және Жарқайың (70 358 теңге) аудандарында.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 87,5 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 104,4% сома түсті, с.і. республикалық бюджетке – 36,9 млрд. теңге(болжамға 110,5%), жергілікті бюджетке – 50,6 млрд. теңге (болжамға 100,3%).

2. Әлеуметтік сала

2015 жылдың қаңтар-қырқүек айларында экономика салаларында 11864 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 6284 - тұрақты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2015 жылы 4226,8 млн.теңге игерілді, немесе 99,5% өткен жылдың жоспарына ( жоспар – 4246,2 млн.тенге).

Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамту» 1,1 млрд. тенгені құрайтын жоспарланған 40 жобадан  36 - сы іске асырылды, 844 жаңа жұмыс орны пайда болды, соның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы – 375 немесе жоспарға 101,7%.

 4 жобаның аяқталуы 2016 жылға жоспарланған.

Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу»  бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 287 қатысушы оқытылды, 306 қатысушыға 731 млн. теңгенің шағын несиесі берілді. 

Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберіндегі оқыту және елді мекен ауыстыру арқылы  жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша кадрларды қайта оқытуға және кәсіби оқытуға – 24 адам (жоспардың 100%), әлеуметтік жұмыс орындарын құруға – 639 адам (174,1%), жастар тәжірибесін ұйымдастыруға – 430 адам(148,1%) жолданды.

Целиноград аудынының Родина ауылында  қызметтік тұрған – үйді сатып алуға (8 бірпәтерлі тұрғын үй) және Ақмола облысының Калачи мен Красногор елді – мекендерінен халықты көшіріп алуға тұрғын үйлердің құрылысына және (немесе) жаңаландыруға, инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымдарына 2,0 млрд.теңге қарастырылған.

Жалпы, жаңа жұмыс орындарды құру арқылы жалпы жұмыссыздық деңгейі 5%құрады, ресми жұмыссыздық деңгейі 0,2% (2014 жылдың қаңтар-желтоқсан – 0,2%).

         Жұмыспен қамту қызметі арқылы 13062 адам жұмысқа орналастырылды, бұлөтініш білдіргендер санының 96,4% құрадыЖұмыспен қамтылғандардың төмен деңгейі Сандықтау (88,1%), Ақкөл (91,3%), Қорғалжын (91,7%) Еңбекшілдер (92,3%),аудандарында және Көкшетау қаласында (85%).

Қоғамдық жұмыстарға 3704 адам жіберілді.

Тұрмысы кедейліктің шегінен төмен азаматтардың саны 156 адамға төмендеп және 569 адамды құрады.

Барлық қаржыландыру көздерінен 3068 аз қамтылған азаматтарға                  80,3 млн. теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ақкөл ауданында және Степногор қаласында  420 орындық бала бақшаның, Аршалы және Бұланды аудандарында 540 орындық орта мектептің,Көкшетау қаласында жұмыс істейтін білім берудің 2 нысанына жапсарлас құрылыстар аяқталды (764 орындыққа).

Ағымдағы жылдың басынан бастап 2310 орындық 26 мектепке дейінгі ұйым іске қосылды, олар:

-                     1388 орындық 18 жеке меншік бала-бақшалардың ашылуы есебінен, олардың ішінен  10 бала бақша Целиноград ауданында, 2 Көкшетау қаласында, Ақкөл, Астрахан, Есіл, Ерейментау, Зеренді, Шортанды аудандарында 1 балабақшадан;

-                     157 орындық 8 шағын – орталық ашылуы есебінен: олардан: шағын – орталықтан Астрахан, Есіл, Зеренді аудандарында және Аршалы, Сандықтау аудандарында  шағын – орталықтан.

765 орындық жұмыс істейтін мектепке дейінгі мекемелерде кеңейтіледі.

Нәтижесінде, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиеменқамту 60,5%-ға дейін артты.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында медициналық ұйымдардың жабдықталуы 56,16%-ға (ФАП-тер – 50,89%-ға, дәрігерлік амбулаториялар – 49,37%-ға) дейін артты.

Туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 4,2% (100 мың адамға шаққанда 77,6-дан 74,3-ке дейін), онкопатологиялық сырқаттану 6,7%-ға төмендеді (100 мың адамға шаққанда 261,98-тен 244,5-ке дейін).

Қан айналымы жүйесінің сырқаттану деңгейі 0,7% артты (100 мың адамға шаққанда 1707,8-ден 1695,3-ке дейін), ал одан өлім деңгейі 1,6 есе ұлғайды (100 мың адамға шаққанда 173,47-ден 283,63-ке дейін).

Туу деңгейі 1,9% төмендеді. (1000 адамға шаққанда 16,1-ден 15,8-ге дейін).

Сәби өлімі көрсеткіші 2,1%-ға ұлғайды (1000 тірі туғанға 9,6-дан 9,8-ге дейін).

Сандықтау, Ерейментау және Аршалы аудандарында 3 ана өлімі жағдайы тіркелген(2014 жылы облыс бойынша 2 жағдай).

Ақкөл ауданы (Ақкөл қ.) мен Зеренді ауданы (Зеренді а.) 250 қабылдау жасайтын аудандық емханаларының  және Жарқайың ауданының (Державинск қ.) 70 орындық аурухананы емханамен сыйыстыру құрылысы жүргізіліп жатыр (республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 3,9 млрд.теңге бөлінді).

Мақаланың шыққан күні: 01.01.2016
Қаралым саны: 1121
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz