A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
2016 жылдың қаңтардағы Ақмола облысының даму қорытындылары

Ақмола облысының 2016 жылғы қаңтардағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

  1.  Экономика

Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 24,6 млрд. теңгені құрды. Тауар өнімнің НКИ – 125,7% (ҚР бойынша 99,3%).

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі 132,7% құрды.

Өсім темір кендерді (41,8%-ға), құрамында алтын бар кендерді (36,9%-ға) өндіру көлемдерінің ұлғаюына байланысты.

Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 126,8% құрды.

Азық-түлік өндірісінде (НКИ-107,3%) өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда (заттай көріністе) ет және  сорпалық тағамдық азық-түлiктер 1,2 %, өңделген сүт 1,8 %, ұн 19,7 % өсті.

Сусындар өндірісі саласында (НКИ-105,1%) алкогольсіз сусындар 11,5%, арақ 5,3 өсті.

Химия өнеркәсібінде (НКИ-142,3%)  этил спиртін өндіру 3,3% төмендеді, пестицид шығару 48% ұлғайды.  Күкірт қышқылын шығару 10,0 мың тоннаны құрды «2015 жылға қаңтарда өндірілмеді).

Резеңке және пластмасса өнімдері өндірісінде (НКИ 114,6 %) 2016 жылғы қаңтар айында полиэтиленнен жасалған қап және сөмкелер өндірісінің көлемі 73,3 тоннаны құрды, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 100%.

Пластмасстан жасалған құбырлар мен фитингтер өндірісінің көлемі 550,3 тоннаны немесе өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 114,1% құрды.

          Машина  жасауда (НКИ 230,3%) жетекші кәсіпорындары болып «ЕПК Степногорск» (теміржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндіру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерін жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделі жөндеу) табылады.

          Өндіріс өсімі байқалады:

«ЕПК Степногорск» АҚ , подшипниктер көлемі 1131 тоннаны құрды,  өсім өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейімен салыстырғанда 14,7 есе;

          «Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айында тауарлық өнім көлемі 357 млн. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,9% құрды.

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ  ағымдағы жылдың қаңтарында жүкті және мамандандырылған автокөліктерді жинау жүргізілмеді. 

Басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі саласында (НКИ 85,8%)кірпіш өндірісі  көлемдерінің (41,7%).

Металлургия саласында (НКИ 227,4%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндіру көлемі 89,6% ұлғаюы байқалады, бұл  «Altyntau Kokshetau» ЖШС қызметіне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемі            204 тоннаны құрды немесе өсім өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,6 есе(2015 жылдың қаңтарында кәсіпорында өңдеу үшін шикізат көлемі болған жоқ).

 Өндірістің төмендеуіне облыстың 9 аймақта жол берілген – Ақкөл (99,8%), Сандықтау (99,5%), Қорғалжын (99,1%), Есіл (98,3%), Буланды (98,0%), Егіндікөл(96,8%), Жақсы (95,1%), Атбасар (95,0%), Бурабай (66,5%)   аудандарында.

ИИДМБ аясында жүзеге асыру кезеңінде (2010-2015 жылға)  6,2 мың тұрақты жұмыс орындар құруымен 60 жоба 166 млрд. теңгеге іске қосылған.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнімнің көлемі 10,6 млрд. теңге, нақты көлемнің индексі – 2015 жылдың  деңгейіне 103,7% құрады.

Төмен даму қарқыны және жағымсыз даму серпіні Ерейментау (98,6%), Астрахан(97,4%), Бұланды (95,7 %), Сандықтау (95,6%), Есіл (84%),  аудандарында және Степногорск (99,3%), және Көкшетау (89,3%), қалаларында белгіленген

Өсімдік шаруашылығы. Ағымды жылдың көктемгі жаздық себу алқабы облыс бойынша 4,6 млн. ганы құрайды, оның ішінде дәнді дақылдар 4,2 млн.  га. (өткен жылдың деңгейіне қарағанда 18,3 га жоғары).

Майлы дақылдарды себу 199,1 мың га алқапта өткізілуі жоспарланған.  Картоп отырғызу (тұрғындар есебімен) облыс бойынша 18,4 мың га алқапта өткізілуі жоспарланған (өткен жылдың деңгейінен 300 га-ға төмен), ал көкөністер – 4,4 мың га(өткен жылдың деңгейіде).

Жемдік дақылдарды көктемде себу былтырғы жылғы деңгейде 166,2 мың га алқапты алады. Біртұтас көпжылдық шөптерді өткен жылдар есебімен жемдіктің жалпы ауданы облыс бойынша 576,0 мың га құрайды, 2015 жылғы деңгейден 18,0 мың га-ға жоғары немесе 10,5% облыстың егістігіне.

Машина-трактор паркінің дайындығы облыс бойынша 79-94%. Көктемгі дала жұмыстарына дизель отынымен қамтамасыз ету 2,2 мың тонна (қажеттіліктен 3,0%), дизель майымен – 0,2 мың тонна (0,1%), бензинмен – 0,5 мың тонна (6%)құрайды.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тірі салмақта 8,3 мың тонна ет (өткен жылдың деңгейіне 9,4%-ға өсім), 13,3 мың тонна сүт (3,8%-ға өсім), 65,6  млн.дана жұмыртқа (27%-ға өсім) өндірілді.

ІҚМ басының саны 2,8%-ға өсті (396,3 мың бас құрайды), оның ішінде сиыр – 5,3%-ға(188,9 мың бас), жылқы – 6,6%-ға (148,2 мың бас), қой мен ешкі – 3,9%-ға (517,1 мың бас), құс 8,3%-ға (4,8 млн. бас) дейін өсті. Шошқалардың басы 1%-ға төмендеді (117,4 мың бас).

Осымен қатар, ауыл шаруашылық құрылымдарда мал мен құс санының өсу қарқындары жоғары. Осы шаруашылықтар санатында ІҚМ саны 10%-ға, с.і. сиыр – 15,8%-ға,  жылқы – 7,2%-ға, қой мен ешкі – 1,6%-ға, құс –8%-ға 8.

 «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5 жылдың ішінде облыс бойынша 334 шаруа қожалыларымен 22,5 мыңға жуық ІҚМ басы, соның ішінде 2015жылы - 3966  аналық бас және тұқымды бұқалардың 132 басы.

Астана қ. азық-түлік белдігінің аясында 8,9  млрд. теңгеге 9 жоба жүзеге асырылып жатыр, соның ішінде: 1 – етті қайта өңдеу, 3 - астық қоймалары,                           1 - жылыжай, 1 - жылыжый кешенің кеңейту, 3 - элеватор кешені.

Облыс ауыл шаруашылық құрырылымдары ағымдағы жылдың астана базарына 1,3 мың тонна сүт өнімдері (2015 жылдың тиісті кезеңіне 10,2% өсім), 1,1 мың тонна ет өнімдері (10,3% өсім), 10,7 млн. дана жұмыртқа (18,8% өсім) жеткізілді.

А.ж. 1 ай қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 5,6 млрд. теңге қаржы жұмсалған,  бұл 2015 жылдың деңгейіне 1,3 ретте артық.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесі кәсіпорындардың  меншікті қаражатына және дербес салушылар 87,3% болады, олардың есебінен                              4,9 млрд.теңге игерілген.

Республикалық қаражаттың игерілген үлесі инвестиция мөлшерінен                   0,1%немесе 5,8 млн.теңгеден құрады, жергілікті бюджеттің – 1,2%, 69,6 млн. теңге игерілген. Банктердің несиелерінің үлесі инвестицияның жалпы мөлшерінде 4,9%құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесі – 6,5%.

Сыртқы инвестициялардың көлемі 1,1 млрд. теңге құрады.

Ерейментау (12,7%), Зеренді (32,8%), Егіндікөл (34,7%), Аршалы (40,8%), Еңбекшілдер(42,6%), Есіл (51,4%), Жақсы (94,1%), Шортанды (74,2%), Бурабай (96,5%) 9 аудандарында негізгі капиталға инвестициялар көлемі төмендеді.

«Аймақтарды дамудың бағдарламасы» шеңберiнде 6 жобаны жүзеге асыруға 0,6 млрд.теңге сумен қамту жүйенiң дамуы бойымен және су бөлуi ерекшеленген бөлінген.

614 елдi мекендерден 352 елді мекендер орталықтандырылған су  (57,3%), орталықтандырымаған су- 235 елді мекендер (38,3%). Жеткізілетін  су 27 елді мекендер(4,4%).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 571 млн.теңге немесе 2015 жылдың деңгейіне107,9% құрады.

Еңбекшілдер (12,7%), Ерейментау (18,7%), Астрахан (37,5%), Бұланды (42,0%), Есіл(44,2%), Бурабай (46,1%) Аршалы (51,4%), Атбасар (64,8%), Жарқайын (65,4%), Сандықтау (66,0%),  Зеренді (81,9%) 11 аудандарында құрылыс жұмыстары қарқынының төмендеді.

Тұрғын үй құрылысы.

2016 жылда қантар айында 51,5 мың м2 енгізілген 178,8% құрады.

2016 жылы жергілікті автомобиль жолдарының құрылысына, қайта жабдықтауына, ұстауға және жөндеуге 5,1 млрд. теңге қарастырылған (ол 2015 жылдың деңгейінен 22,7% төмен).

Облыста шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істейтін субъектілер саны 49,6 мың құрады немесе 93,6% соның ішінде шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 4,9 мың, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 130 бірлік, жеке кәсіпкерлер 41,1 мың, шаруа қожалығы (фермерлік) 3,5 мың.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша іске асыру кезеңінде (2010 жылдан 2015 жылдың 1 ақпанына дейін) Өңірлік Үйлестіру кеңесімен 62,4 млрд.теңге кредит сомасына 502 жоба мақұлданды.

2016 жылы бағдарламаны іске асыру аясында республикалық бюджеттен жеке кәсіпкерлікті қолдау үшін 1,2 млрд.теңге бөлінді.

Үйлестіру кеңесімен 2,5 млрд.теңге кредит сомасына 12 жоба мақұлданды.

Банктердің кредиттері бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына«Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 948,3 млн. теңге кредиттердің жалпы сомасына 7 өтінім мақұлданды. 

Банктердің кредиттері бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына«кәсіпкерлерді салалық қолдау» бағдарламаның екінші бағыты бойынша 1507,0 млн. теңге кредиттердің жалпы сомасына 2 өтінім мақұлданды. 

Банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 37,0 млн. теңге кепілдік берілді жалпы сомасына 2 өтінім мақұлданды.

Банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2,5 млн. теңге кепілдік берілді жалпы сомасына 1 өтінім мақұлданды.

Тұтыну бағасының индексі 100,9% (ҚР бойынша – 101,3%) құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 101,7%, азық – түлік емес тауарларына – 100,5%, ақылы қызметтер – 100,3%.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орташа айлық жалақы 2014 жылғы деңгейге 5,2%-ға өсті және 88,3 мың теңге құрады. Жалақының төмен деңгейі Ақкөл(71 822 теңге), Жақсы (74 387 теңге), Егіндікөл (74 600 теңге), Аршалы (75 380 теңге), Ерейментау (76 735 теңге), Атбасар (80 441 теңге), Шортанды (80 927 теңге),Бурабай (83 838 теңге), Целиноград (84 929 тенге), Есіл (85 792 тенге)аудандарында байқалады. Жалақының ең төмен деңгейі Сандықтау (68 462 теңге),Қорғалжын (69 480 теңге) Астрахан (69 887 теңге), Жарқайың (70 139 теңге) және Бұланды (71 588 теңге), аудандарында.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 5,6 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 134,2% сома түсті, с.і. республикалық бюджетке – 2,6 млрд. теңге(болжамға 152,5%), жергілікті бюджетке – 3 млрд. теңге (болжамға 121,7%).

2. Әлеуметтік сала

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында экономика салаларында 332 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 308 - тұрақты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2016 жылы 1,8 млрд.теңге қарастырылды.

Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамту» бойынша ағымдағы жылға жоспарланған 603,9 млрд. теңгенің 14 жоба іске асырылуға жоспарлануда, 271 жаңа жұмыс орны пайда болады, соның ішінде  жұмыспен қамту орталығы арқылы – 137.

Бүгінгі күнге дейін 4 дәрігерлік амбулаториялардың 2016 жылға  жасалынып жатқан құрылыс үшін 233,9 млн. теңгеге жоспарланған

 Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу»  бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 63 қатысушы оқытылды, 164 қатысушыға 494,9 млн. теңгенің шағын несиесі берілді. 

Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберіндегі оқыту және елді мекен ауыстыру арқылы  жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша кадрларды қайта оқытуға және кәсіби оқытуға – 86 адам, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға – 534 адам, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға – 422 адам  жолданды.

Жалпы, жаңа жұмыс орындарды құру арқылы жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9%құрады, ресми жұмыссыздық деңгейі 0,2% (2016 жылдың қаңтар– 0,3%).

         Жұмыспен қамту қызметі арқылы 349 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтініш білдіргендер санының 50% құрадыЖұмыспен қамтылғандардың төмен деңгейі Аршалы (7,1%), Сандықтау  (10,0%), Ерейментау (28,9%), Ақкөл (32,5%), Зеренді(37,9%), Егіндікөл (40%), Көкшетау (41,7%),  Астрахан  (47,1%). Атбасар (48,3%)ауданындарында

Қоғамдық жұмыстарға 258 адам жіберілді.

Тұрмысы кедейліктің шегінен төмен азаматтардың саны 156 адамға төмендеп және 569 адамды құрады.

Барлық қаржыландыру көздерінен 73 аз қамтылған азаматтарға                   310,8 млн. теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша құрылыс жүргізілуде:

- 500 оқушыға арналған 2 мектеп (Целиноград, Ерейентау аудандарында).

- 520 орынды 2 балабақша (Көкшетау қ.)

 «Ақкөл қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйі» ғимаратын қайта жабдықтау қарастылған.

Ақкөл ауданы Ақкөл қ., Зеренді ауданы Зеренді а. 250 қабылдау жасайтын аудандық емханаларының  және Жарқайың ауданының Державинск қ. 70 орындық аурухананы емханамен сыйыстыру, Астрахан ауданында ФАП-тің құрылысы қарастырылған.

Мектепке дейінгі ұйым – 564 бірлік, соның ішінде 190 балабақша және 374 мектепке дейінгі шағын орталық  (в т.ч. государственных - 137, частных – 53.)  232 елді мекенінен  тасымалдау жүзеге асырылады.

2016 жылдың 1 ақпанға мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша  91% ,  1-6 жас аралығы бойынша 60,5%.

Жоғары көрсеткіштері  (3-6 жас аралығы бойынша)  Сандықтау (78,2%), Целиноград(72,2%), Жарқаин (70,6%) және  Қорғалжын (69,8%) ауданындарында, ен төмен Астрахан  (50,5%) ауданында,  Көкшетау қаласында  (48,3%).

2016 жылдың қаңтар айында медициналық ұйымдардың жабдықталуы 56,16%-ға(ФАП-тер – 50,89%, дәрігерлік амбулаториялар – 49,37%) деңгейінде.

2016 жылы жергілікті бюджет есебінен 395,2 млн. теңге сомасына 117 бірлік медициналық құралдар сатып алу жоспарланған.

Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 25,0% төмендеді (100 мың адамға шаққанда 7,1-ден 5,3-ке дейін), онкопатологиямен ауыру 29,4%-ға (100 мың адамға шаққанда 11,54-тен 14,9-ға дейін), қан айналу жүйесінің ауруларымен ауыру деңгейі 39,2% (100 мың адамға шаққанда 86,4-тен 120,2-ге дейін) артты.

Қан айналу жүйесінің ауруларынан өлу деңгейі 30,8% төмендеді (100 мың адамға шаққанда 25,12-ден 17,38-ге дейін).

Туу деңгейі 9,1%-ға төмендеді (1000 адамға шаққанда 1,1-ден 1,0-ге дейін).

Сәби өлімі көрсеткіші 25,4%-ға ұлғайды (1000 тірі туғанға 11,0-ден 8,2-ге дейін).

Ана өлімі жағдайлары тіркелмеген.

Жергілікті бюджет есебінен емдік-алдын алу ұйымдарында 5 күрделі жөндеу жүргізілмек (292,4 млн. теңге), республикалық бюджет есебінен Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде 3 күрделі жөндеу жоспарланған (47,0 млн. теңге).

Мақаланың шыққан күні: 01.02.2016
Қаралым саны: 1145
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz