Интернет-конференциялар

Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi (бұдан әрi — Департамент) мемлекеттiк қызметке орналасу және оны өткеру мәселелерi бойынша тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында Департаменттiң «Facebook» әлеуметтiк желiсiндегi парағында бiрқатар интернет-конференциялар өткiзу жоспарлануда, олардың арасында:

- «Мемлекеттiк қызметке орналасу туралы» тақырыбына интернет-конференция а.ж. 19 маусымы сағ. 12:00-ден 14:00-ге дейiн өтедi;

- «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару академиясына түсу тәртiбi туралы» тақырыбына интернет-конференция а.ж. 19 маусымы сағ. 12:00-ден 14:00-ге дейiн өтедi;

- «Б» корпусы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң III деңгейдегi аттестаттаудың аралық қорытындысы» тақырыбына интернет-конференция а.ж. 15 маусымы сағ. 11:00-ден 14:00-ге дейiн өтедi.

Әлеуметтiк желiлердiң пайдаланушылары аталған тақырыптарға қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкiндiгi бар.

Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң «Facebook» әлеуметтiк желiсiнiң парақшасына сiлтеме: сiлтеме

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн